Әдеп нормаларын сақтауға бағытталды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» құжатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметтің этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу туралы қойылған нақты міндеттері қазіргі таңда жүзеге асырылып, мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкіл енгізілген. Ол мемлекеттік қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.

Осыған байланысты бүгінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысына, іс-әрекеті мен қызметтік әдебіне тиісті бақылау жасалып отыр. Жуырда аудан әкімі аппараты персоналды басқару бөлімшесінің басшысы-әдеп уәкілінің функцияларын атқарушы Найля Төлеубекқызымен аудан әкімдігінің бөлімдеріндегі, ауылдық округ әкімі аппараттарындағы мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы, еңбек тәртібін сақтауы, сегіз сағаттық жұмыс күнінен кейін икемді жұмыс кестесін, компьютерлерді автоматты түрде ажырату жүйесін енгізу, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі спорттық іс-шараларға ат салысуы, мәдени-қоғамдық өмірге тартылуы маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші-лердің мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы туралы айтылды және аудандық орталық кітапханамен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілердің уақытын ұтымды пайдалануға, сондай-ақ рухани жағдайын нығайтуға мүмкіндік беру мақсатында оларға дер кезінде кітапхана қызметін көрсету арқылы мемлекеттік қызметшілер арасында жылжымалы кітапхана жұмысын іске қосты. Нәтижесінде  мемлекеттік қызметшілерге оқуға ұсыну үшін қалыптастырылған әдебиеттер тізімі мен кітаптар ұсынылды.