23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

Қоғамдық сананы жаңғыртудың басты басымдықтарының бірі – ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті болуы. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында «Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның – дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет» делінген. Бүгінде Сарысу ауданында мемлекеттік қызмет жүйесіндегі қызметкерлердің жартысына жуығы жастар. Олар аудан әкімі тарапынан үлкен қолдауға ие болған және Отанымызды өркендету ісіне барлық күш-жігері мен білімін жұмсауға дайын Қазақстан халқына адал қызмет етіп жүрген жігерлі азаматтар.