Сарысу ауданы әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды. Жарияланған күні 03.12.2020 ж

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне персоналды басқару қызметі жауапты

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 

  1. E-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

  1. E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген

жылдарын есептегенде

 теңгеден теңгеге дейін
1 E-R-2 127.418 172.369
2 E-G-3 90.874 122.393

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты, 080700, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі, №1, 12 кабинет, анықтама  үшін телефондар, код:  8(72634) 63110, 61517, факс 63110, 61517, электрондық пошта: ksarysu@mail.ru (Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, санаты E-R-2 (№02-03-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Бөлімнің жұмысына басшылық жасайды. Бөлімнің құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын әзірлейді. Өз құзіреті шегінде бөлімнің қаржылық, экономикалық және өндірістік жұмыстарын ұйымдастырады. Коммуналдық меншіктегі тұрғын жайға қатысты мәселелер бойынша сотқа әзірленетін материалдарды қамтамасыз етеді және сот процесстеріне қатысады, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы индикативті жоспарын дайындауға қатысады және орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан көлеміндегі тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауға қатысты шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырылуын қадағалайды. Тұрғын                      үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, жылу, энергетика туралы заңдылықтардың сақталуына бақылау жасайды. Аудандық коммуналдық қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, жылу, энергетика объектілерінің жұмыстарын үйлестіреді. Бөлім басшылығы белгілеген басқа да тапсырмалардың орындалуын өз құзыреті шегінде үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы: Материалдарды қысыммен өндеу технологиясы немесе машина жасау немесе автоматоматтандыру және басқару немесе құрылыс немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе өндірісті ұйымдастыру немесе ақпараттық жүйелер немесе геодозия және картография немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе техникалық физика немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе гидрогеология және инженерлік геология немесе метрология немесе геодезия немесе картография немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе маркшейдер ісі немесе жол қозғалысын ұйымдастыру немесе электрмен жабдықтау (салалар бойынша) немесе өндіріс, монтаж, эксплуатация және жөндеу (сала бойынша) немесе инженер-механик немесе инженер-электрик немесе автоматтандырылған жобалаудың жүйелері немесе жылу техникалық жабдығы және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) немесе құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыс ғимаратының құрылысы және пайдаланылуы) немесе көлік (салалар бойынша) немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру немесе кадастр немесе жерге орналастыру немесе менеджмент немесе қаржы немесе статистика немесе есеп және аудит немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе экономика немесе әлемдік экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаны басқару, механика немесе құқық саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (№03-01-09), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Қаладағы табысы аз адамдарды анықтау, еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы-әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жұмыстармен айналысады. Жалғыз басты қарттардың үйінде қызмет көрсетілуін қадағалайды. Қаланы көрнекті құралдармен қамтамасыз етеді, қалада өткізілетін барлық іс-шараларды ұйымдастырады. Көп балалы аналардың құжаттарын рәсімдеу жұмыстарымен айналысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін мерзімінде орындалуын қадағалайды. Қоғамдық бірлестіктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарды үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (№03-05-04), 1 бірлік (негізгі қызметкердің 01.08.2021ж. мерзімге дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: 

Әр шаруашылық бойынша кітаптармен жұмыстарды және шаруа (фермер) қожалықтарының есебін жүргізеді. Кадрлық мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ауылдық округтегі қоғамдық тәртіпті нығайту жұмыстарын ұйымдастырады. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарттары жұмыстарын жүргізеді. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарттары жұмыстарын қадағалайды. Төтенше жағдай, даладағы өрт және судағы қауіпсіздікті сақтау жұмыстарын қадағалайды. Мал және егін шаруашылығы жөніндегі статистикалық есептерді жүргізіп, бақылайды. Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру және ауыл шаруашылық құрылымдарына байланысты жұмыстарды үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі және жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не                   «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі, №1 мекенжайда орналасқан Сарысу ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: _____________________________________________________________

Байланыс телефоны: _______________________________________________________

e-mail: ___________________________________________________________________

ЖСН: ____________________________________________________________________

 

 

_________                                       ___________________________________________

(қолы)                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.