Сарысу ауданы әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды. Жарияланған күні 08.10.2020 ж

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне персоналды басқару қызметі жауапты

 Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

  1. Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. E-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

  1. E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

  1. E-G-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген

жылдарын есептегенде

 теңгеден теңгеге дейін
1 Е-3 112.712 152.035
2 E-R-2 127.418 172.369
3 E-R-3 96.607 129.920
4 E-G-2 101.581 137.506

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты, 080700, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі, №1, 12 кабинет, анықтама  үшін телефондар, код:  8(72634) 63110, 61517, факс 63110, 61517, электрондық пошта: ksarysu@mail.ru (Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, санаты Е-3, (№01-07-01) 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының енгізілуін ұйымдастырады, бақылау жасайды және олардың интернет-ресурстарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігін жаңартып отырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жоғары органдарға есептерін тапсырады. Аудан әкімдігінің білім, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдерінен және барлық меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдары, аудандық полиция, қорғаныс істері жөніндегі ұйымдарынан анықтамалар алып, жұмыстар жүргізеді. Бекітілген жылдық жоспарға сәйкес ішкі бақылау жұмыстарын жүргізеді. Жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының енгізіліуін ұйымдастырып, бақылау жасайды. Қала және ауылдық округ әкімдерімен өзара іс-қимыл жасап, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы)  немесе білім саласындағы (жалпы)  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы)  немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары, санаты E-R-2 (№02-03-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Бөлімнің жұмысына басшылық жасайды. Бөлімнің құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын әзірлейді. Өз құзіреті шегінде бөлімнің қаржылық, экономикалық және өндірістік жұмыстарын ұйымдастырады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы индикативті жоспарын дайындауға қатысады және орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан көлеміндегі тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауға қатысты шараларды ұйымдастырады және жүзеге асырылуын қадағалайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, жылу, энергетика туралы заңдылықтардың сақталуына бақылау жасайды. Аудандық коммуналдық қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, жылу, энергетика объектілерінің жұмыстарын үйлестіреді. Бөлім басшылығы белгілеген басқа да тапсырмалардың орындалуын өз құзыреті шегінде үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы.

Мамандығы: Материалдарды қысыммен өндеу технологиясы немесе машина жасау немесе автоматоматтандыру және басқару немесе құрылыс немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе өндірісті ұйымдастыру немесе ақпараттық жүйелер немесе геодозия және картография немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе техникалық физика немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе гидрогеология және инженерлік геология немесе метрология немесе геодезия немесе картография немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе маркшейдер ісі немесе жол қозғалысын ұйымдастыру немесе электрмен жабдықтау (салалар бойынша) немесе өндіріс, монтаж, эксплуатация және жөндеу (сала бойынша) немесе инженер-механик немесе инженер-электрик немесе автоматтандырылған жобалаудың жүйелері немесе жылу техникалық жабдығы және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) немесе құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыс ғимаратының құрылысы және пайдаланылуы) немесе көлік (салалар бойынша) немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру немесе кадастр немесе жерге орналастыру немесе менеджмент немесе қаржы немесе статистика немесе есеп және аудит немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе экономика немесе әлемдік экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаны басқару, механика.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі экономикалық саясат және жоспарлау секторының меңгерушісі, санаты E-R-3 (№02-10-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Сектордың жұмысын басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің атқарылуына жауапты. Жергілікті бюджеттің кірістер жобасын дайындайды. Әлеуметтік-экономикалық даму туралы анықтамаларды дайындайды. Ауданның аумақтық даму бағдарламасын дайындайды және оның іске асырылуына жауапты. Ауданның төлқұжатын әзірлейді. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін уақытылы орындау үшін шешімдер қабылдайды және ұсыныстар енгізеді. Қазақстан Республикасының экномикалық саясатының негізгі бағыттарын, Бюджет Кодексі талаптарын  сақталауын қадағалайды. Бөлімнің бұйрықтарының орындалуын қадағалайды, олардың заңдылығын бақылайды. Бөлімдердің экономика саласына байланысты жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы.

Мамандығы: Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе математика.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Жаңатас қаласы әкімі аппараты әлеуметтік бөлімшесінің басшысы, санаты E-G-2 (№03-01-07), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Әлеуметтік-мәдени сала мәселелері бойынша жұмыстармен айналысады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер инспекциясымен өзара қарым-қатынасын жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Қала әкімінің әлеуметтік-саяси даму мәселелері бойынша қоғамдық, саяси партия және басқа да меншік түріне қарамастан ұйымдар және мекемелермен өзара қарым-қатынасын жүзеге асырады. Әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалайды. Қаладағы табысы аз адамдарды анықтау, атаулы-әлеуметтік көмек көрсету жөнінде комиссияның жұмысын үйлестіреді. Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе құқық саласындағы немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы.

Мамандығы: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі және жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не                   «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі, №1 мекенжайда орналасқан Сарысу ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы облыстың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

 

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: _____________________________________________________________

Байланыс телефоны: _______________________________________________________

e-mail: ___________________________________________________________________

ЖСН: ____________________________________________________________________

 

 

_________                                       ___________________________________________

(қолы)                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.