Сарысу ауданы әкімінің аппараты Сарысу ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды. Жарияланған күні 27.03.2019 ж

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне персоналды басқару қызметі жауапты

 Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

  1. Е-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

 

  1. Аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген

жылдарын есептегенде

 теңгеден теңгеге дейін
1 Е-1 150.740 203.208
2 Е-R-1 142.412 192.381

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты, 080700, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі, №1, 12 кабинет, анықтама  үшін телефондар, код:  8(72634) 63110, 61517, факс 63110, 61517, электрондық пошта: sarysu_kadr@mail.ru, Сарысу ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, санаты Е-1, (№01-03), 1 бірлік

Функционалдық міндеттері:  

Халықты әлеуметтік қорғау, жастар ісі, үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, гендерлік саясат, ардагерлер, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысады. Әлеуметтік қорғау,білім беру, спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдени мұраны қорғау салаларындағы бағдарламалардың орындалуына бақылау жасайды. Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіреді және бағыттайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе өнер саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы немесе құқық саласындағы

Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе өнер саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, санаты Е-R-1 (№02-02), 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: 

Бөлімнің жұмысына басшылық жасайды. Аудан аумағындағы құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді. Қаланың және аудандағы елді мекендердің бас жоспарларын дайындайды, құрылыс-жобалық жұмыстарын үйлестіреді, орындалуын қадағалайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, кешенді даму бағдарламаларын жасауға қатысады, сәулет және құрылыс саясатын іске асырады. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын әзірлейді. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бағдарламалардың орындалуына бақылау жасайды. Қаланың және аудандағы елді мекендердегі құрылыс жобалық жұмыстарының орындалуын қадағалайды. Аудан көлеміндегі көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалау және елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы

Мамандығы: Құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе сәулет немесе мүсін немесе кескіндеме немесе дизайн немесе графика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе жерге орналастыру немесе кадастр.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі 1, (2-қабат) бөлме 12  мекен-жайда орналасқан Сарысу ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

 

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________

 

____________                                                    ________________________________

(қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.