Сарысу ауданы әкімінің аппараты Сарысу ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды. Жарияланған күні 31.10.2019 ж

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне персоналды басқару қызметі жауапты

 Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

  1. E-R-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

  1. E-G-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген

жылдарын есептегенде

 теңгеден теңгеге дейін
1 E-R-3 96.607 129.920
2 Е-G-2 120.92 162.423
3 E-G-3 90.879 122.392

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты, 080700, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі, №1, 12 кабинет, анықтама  үшін телефондар, код:  8(72634) 63110, 61517, факс 63110, 61517, электрондық пошта: sarysu_kadr@mail.ru, Сарысу ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі, санаты Е-R-3 (№02-13-01), 1 бірлік

Функционалдық міндеттері:  

Білім бөлімінің, білім мекемелерінің статистикалық және оқушылар қозғалысының есебін жүргізеді. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша  аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлейді. Аудандағы 18 жасқа дейінгі балалар есебін жүргізеді. Мемлекеттік емтиханнан босатылатын оқушылардың құжаттарын білім басқармасына ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының талаптарын орындайды. Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту туралы мемлекеттік стратегиялық бағдарламалардың орындалуына бақылау жасайды. Мектептерде тиісті талапқа сай оқытуды ұйымдастыру, педагогикалық және ғылыми әдістемелік нормалардың сақталу деңгейін қадағалайды. Аудан мектептеріндегі мектепшілік басқару жүйесіне бақылау жасайды. Оқушылардың пәндік олимпиадасын және қосымша білім беру ұйымдарының оқу процессін ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі, санаты Е-R-3 (№02-03-01), 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: 

Өз құзіреті шегінде бөлімнің қаржылық, экономикалық және өндірістік жұмыстарын ұйымдастырады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы индикативті жоспарын дайындауға қатысады және орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша бағдарламалардың, іс-шаралардың орындалуын қадағалайды. Бөлім басшылығы белгілеген басқа да тапсырмалардың орындалуын өз құзыреті шегінде үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы.

Мамандығы: Материалдарды қысыммен өндеу технологиясы немесе машина жасау немесе автоматоматтандыру және басқару немесе құрылыс немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе өндірісті ұйымдастыру немесе ақпараттық жүйелер немесе геодозия және картография немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе техникалық физика немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) немесе стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) немесе инженерлік жүйелер және желілер немесе гидрогеология және инженерлік геология немесе метрология немесе геодезия немесе картография немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе маркшейдер ісі немесе жол қозғалысын ұйымдастыру немесе электрмен жабдықтау (салалар бойынша) немесе өндіріс, монтаж, эксплуатация және жөндеу (сала бойынша) немесе инженер-механик немесе инженер-электрик немесе автоматтандырылған жобалаудың жүйелері немесе жылу техникалық жабдығы және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) немесе құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыс ғимаратының құрылысы және пайдаланылуы) немесе көлік (салалар бойынша) немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру немесе кадастр немесе жерге орналастыру, менеджмент немесе қаржы немесе статистика немесе есеп және аудит немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе экономика немесе әлемдік экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаны басқару, механика.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Қамқалы ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы, санаты E-G-2 (№03-10-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын тіркейді, оларды орындаушыларға жеткізеді және орындалуы жөнінде анықтамалық талдау материалдарын дайындайды. Ауылдық округ әкімінің шешім және өкім жобаларын дайындайды. Ауылдық округі аппаратының кіріс-шығыс құжаттарын тіркейді, іс-номенклатурасын дайындайды және мұрағатқа тапсырады. Әкімнің  жеке қабылдауын ұйымдастырады. Кадрлық және нотариалдық іс-әрекеттерді жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары жұмыстарына жауапты. Әлеуметтік  қорғау шараларын дамыту бағытында ауылдық округ әкімінің меншік түріне қарамастан  окрутегі барлық мекеме, ұйымдармен өзара қарым-қатынасын жүзеге асырады. Округтік ауылшаруашылық кітабын, статистикалық есебін жүргізеді. Әлеуметтік және ауылшаруашылық салалары бойынша бағдарламалардың, нормативтік актілердің орындалуына бақылау жасайды. Білім, спорт, мәдениет, жастар ісі, тілдерді дамыту және  ономостика  жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы тағайындау жөніндегі комиссияның  жұмысын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы немесе ветеринария

Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе өнер саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

  1. Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (№03-01-13), 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: 

Жаңатас қаласы әкімінің негiзгi қызмет бойынша, кадрлық мәселелер және әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша өкім жобаларын дайындайды. Аппараттағы материалдық құндылықтарды тіркеу, түгендеу, оларды сақтау жұмыстарын үйлестіру. Жергілікті өзін өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, онын ішінде кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстарын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеп, жауап жобаларын дайындайды. Қала әкімінің марапаттау шараларын, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.

Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (№03-03-03), 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: 

Ветеринариялық заңнамалардың орындалуы жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады, ауылшаруашылық кітабын жүргізеді. Мал мен құстың қозғалысы бойынша статистикалық есебін жүргізеді және ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жұмыстарды бақылайды. Жергілікті аумақтағы үй жануарлары мен малдаң санын есепке алу, жұқпалы ауруларға қарсы егу, мал өнімдерінің сапасын қадағалау бағытындағы шараларды үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Ветеринария туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (№03-05-02), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Ветеринарлық заңнамалардың орындалуы жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. «Жануарларға ветеринарлық паспорт беру» және «Ветеринарлық анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарттары жұмыстарын жүргізеді. Мал басын бірдейлендіру туралы мәліметтерді электрондық базаға енгізеді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы жұмыстарды ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейді, оларды орындаушыларға жеткізеді. Ауылдық округте спорттық, мәдени-көпшілік шаралардың ұйымдастырылуын қадағалайды. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырып, қадағалайды. Малдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы егу, мал өнімдерінің сапасын қадағалау бағытындағы жұмыстарды үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы немесе ветеринария саласындағы.

Мамандығы: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе өнер саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Ветеринария туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі 1, (2-қабат) бөлме 12  мекен-жайда орналасқан Сарысу ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

 

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________

 

____________                                                    ________________________________

(қолы)                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.