Сарысу ауданы әкімі аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды. Жарияланған күні 27.09.2019 ж

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне персоналды басқару қызметі жауапты

 Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

  1. E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. E-G-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген

жылдарын есептегенде

 теңгеден теңгеге дейін
1 E-R-4 95.245 128.834
2 E-G-3 90.879 122.392
3 E-G-4 81.211 109.278

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты, 080700, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, №1, 12 кабинет, анықтама  үшін телефондар, код:  8(72634) 63110, 61517, факс 63110, 61517, электрондық пошта: ksarysu@mail.ru, бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4 (№02-02-02), 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

 

Функционалдық міндеттері: 

Аудан аумағында жүргізілетін сәулет және қала құрылысы жұмыстарын және құрылыс саласындағы бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады. Құрылыс саласы бойынша аудан әкімдігінің актілерінің жобасын дайындауды ұйымдастырады. Бөлімнің кадр мәселесіне қатысты жұмыстарды жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу құжаттарын рәсімдейді. Бөлімнің кіріс-шығыс құжаттарымен айналысады. Өз құзыреті шегінде кәсіпорын, мекеме, ұйымдардағы атқарылған жұмыс көлемдерінің тиімділігін бақылайды. Бөлім басшылығы белгілеген басқа да тапсырмаларды өз құзыреті шегінде үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы.

Мамандығы: Құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе сәулет немесе мүсін немесе кескіндеме немесе дизайн немесе графика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе жерге орналастыру немесе кадастр.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, санаты E-G-3 (№03-03-03), 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: 

Ветеринариялық заңнамалардың орындалуы жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады. Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады, ауылшаруашылық кітабын жүргізеді. Мал мен құстың қозғалысы бойынша статистикалық есебін жүргізеді және ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жұмыстарды бақылайды. Жергілікті аумақтағы үй жануарлары мен малдаң санын есепке алу, жұқпалы ауруларға қарсы егу, мал өнімдерінің сапасын қадағалау бағытындағы шараларды үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты E-G-4 (№03-05-06), 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: 

Елді мекендерді аббаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Ғимаратқа келген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуына жәрдем береді. Ауылдық округ әкімі аппаратындағы кіріс-шығыс құжаттарын тіркейді, оларды орындаушыларға жеткізеді, орындалуын қадағалайды. Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

Мамандығы: (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)                                   2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың: 1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;                       2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге  жіберілген  кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, №1 мекен жайда орналасқан Сарысу ауданы әкімі  аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________

________________________________________________________________________________

____________                                    ___________________________________________

(қолы)                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

 

 

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

_____________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

 

 

 

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1 Туған күні және жері/Дата и место рождения  
2 Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию)  
3 Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения  
4 Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)  
5 Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками  
6 Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
7 Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
8 Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9 Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации
Қабылданған / приема Босатылған / увольнения
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
 

 

______________________________

Кандидаттың қолы / Подпись кандидата

 

 

_____________________ күні/дата