Сарысу ауданы әкімі аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру жариялайды. Жарияланған күні 27.05.2020 ж

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне персоналды басқару қызметі жауапты

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

  1. Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санаты Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген

жылдарын есептегенде

 теңгеден теңгеге дейін
1 Е-4 100696 136444
2 E-R-4 95.245 128.834

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппараты, 080700, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі, №1; 11,12 бөлмелер, анықтама  үшін телефондар, код: 8(72634) 63110, 61517, факс 63110, 61517, электрондық пошта: ksarysu@mail.ru (Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды. (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес)), бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

  1. Сарысу ауданы әкім аппараты персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы, санаты E-4 (№01-09-02), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Аудан әкімі аппараттарының, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттары және аудан әкімдігінің бөлімдеріндегі кадрлық мәселе бойынша конкурстық, жыл сайынғы бағалау және аттестациялық комиссиялардың жұмыстарын жүргізеді. Аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігі бөлімдерінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жеке ісқағаздарын, еңбек кітапшаларын жүргізеді, еңбек демалысы кестесін жасайды. Бөлімнің кадр жұмысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын, тоқсандық және жылдық есептерін дайындайды. Әкімдік бөлімдеріндегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадрлық мәселесі бойынша жұмыстарының орындалуын қадағалайды. Өз құзыреті шегінде қала және ауылдық округ әкімі аппараттары мен әкімдік бөлімдеріндегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтары мен біліктілік талаптары жинағына байланысты жұмысын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Білім саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы: Білім саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе құқық саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4 (№02-01-03), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім және Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестердің жұмыстарын жүргізеді. Аудандағы діни бірлестіктермен, этномәдени бірлестік өкілдерімен өзара байланысты жүзеге асырады, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық ахуалға мониторинг және талдау,  жағдайын болжау жұмыстарын жүргізеді. Облыс Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығына этносаралық және конфессияаралық ахуал бойынша талдау мәліметтерін жолдайды. Этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және облыс Қазақстан халқы ассамблеясының өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің материалдарын дайындайды, қаулы жобасын әзірлейді. Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына берілетін мерзімді ақпараттарды, хабарламаларды дайындайды, уақытылы орындалуын қадағалайды. Этномәдени қоғамдық бірлестіктеріне ұйымдық және құқықтық көмек көрсетіп, олардың жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе білім саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы.

Мамандығы: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе білім саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету немесе әлеуметтік жұмыс немесе мәдени-тынығу жұмысы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4 (№02-08-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Кәсіпкерлік саласы кәсіпорындарының, ірі өндірістік кәсіпорындарының, ұйымдар мен мекемелерінің тұрақты жұмыс істеуіне, аудан аумағында қазіргі заманғы қызмет көрсету желісін ашуға жәрдемдеседі, олардың даму стратегиясын белгілейді. Ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп салаларында әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады. Мемлекеттік басқару органдары өкілдерінің аудан кәсіпкерлерімен кездесулерін ұйымдастыру жұмыстарын қадағалайды. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласы бойынша бағдарламалардың орындалу жұмыстарын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мамандығы: Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика және мемлекеттік немесе жергілікті басқару немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе тау- кен ісі немесе мұнай газ ісі немесе металлургия немесе материал тану және жаңа материалдар технологиясы немесе машина жасау немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе аспап жасау немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы немесе полиграфия немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) немесе ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) немесе жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы немесе азық – түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы  (сала бойынша) немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы немесе пайдалы қазбаларды байыту немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Сарысу ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4 (№02-07-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: 

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бухгалтерлік есебін жүргізеді. Қаржы-шаруашылық қызметі бойынша толық ақпаратты дайындайды, материалдық және қаржылық ресурстарын пайдалану есебін әзірлейді. Дене тәрбиесі, спортты дамыту мәселелері бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобасын дайындайды. Бөлімнің кадрлық жұмыстарын жүргізеді. Бөлімнің қызметіне байланысты бағдарламалардың, актілердің, қаржылық құжаттардың орындалуына бақылау жасайды. Бөлімнің бұқаралық-спорттық шараларын ұйымдастыру бойынша меншік түріне қарамастан барлық мекеме, ұйымдардың жұмыстарын үйлестіреді. Мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді қамтамасыз етеді және мониторинг жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласындағы немесе құқық саласындағы.

Мамандығы: Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау немесе дене шынықтыру және спорт немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Бейбітшілік көшесі, №1 үй мекенжайда орналасқан Сарысу ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

 

________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

 

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: _____________________________________________________________

Байланыс телефоны: _______________________________________________________

e-mail: ___________________________________________________________________

ЖСН: ____________________________________________________________________

 

 

_________                                       ___________________________________________

(қолы)                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

  Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 

_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)
 
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей  
4. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения
 
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
6. Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками
 
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
  ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
  Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации
  қабылданған /приема босатылған /
увольнения
 
   

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
   

 

 

   
  _____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата
_______________
күні / дата

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады