Мемлекет басшысы волонтер болудың нағыз озық үлгісін атады

Ақпан 12, 2020

Мемлекет басшысы волонтер болудың нағыз озық үлгісін атады

«Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – көне заманнан келе жатқан халқымыздың дәстүрі. Сондықтан бұл дәстүрді міндетті түрде сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойынша құндылығын жоймаған ата салтымыз. Волонтерлар қызметінің басты мақсаты – жұмылып халыққа қызмет ету», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.