Мектепке кітап сыйла

Басқа қалаға көшіп кетсе де, туған жерін ұмытпай, үнемі қамқорлығына алып жүретін азаматтарды ел білуге тиіс. Осындай азаматтардың бірі, Түгіскен ауылының тумасы, Тараз қаласының тұрғыны Убайда Аманкелдиев.

Түгіскен орта мектебінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханашы Жамила Құлымбетованың  ұйымдастыруымен «Мектепке кітап сыйла» атты акция болып өтті. Осы акция аясында аталмыш білім ордасын 1968 жылы бітірген түлек Убайда Аманкелдиев мектеп кітапханасына өзінің жеке кітап қорынан екі миллионнан аса теңгеге бағаланған қазіргі таңда таптыра бермейтін ақын-жазушылардың 700-ге тарта кітаптарын сыйға тартты. Убайда Аманкелдиев:

-Еліме титтей де бір жақсылық жасасам, ол атымды шығарсам деген мақсаттан туындап отырған жоқ. Қолымнан келгенше туған ауылыма шапағатымды тигізгім келеді,-деді.

Осы қуанышты хабарды бізге жеткізген кітапханашы Жамила Құлымбетова  мектеп кітапханасының қоры Убайда ағайдың сыйға тартқан кітабымен толыға түскендігін және  кітаптарды оқу арқылы оқушылардың көкірек көзі ояу, білімді болатындығын, осындай кітап сыйлаған жомарт жанға мектеп ұжымы, ата-аналар, оқырмандар атынан алғысын жеткізді