Латын әліпбиін қолдау

№5 Жаңатас колледжінде аудандық кітапхананың абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу  рухани құндылықтар бастауы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға  ұлағатты ұстаз, өз ісінің майталманы, №5 Жаңатас колледжінің директоры, ҚР-ның «Кәсіптік техникалық білім беру ісінің үздік қызметкері», «Өнеге» интеллектуалды білім порталының жеңімпазы  Оралбеков Қойшыбек қатысып,  филолог маман ретінде, байқауда жоғары бағаланған   латын графикасына көшудің 7 маңыздылығына тоқталды. Жаңа әліпби тіліміздің ұлттық сипатын арттырып, санамызды сілкінтіп, әлемдік деңгейде көтерілуіне жол ашады деген  сөздермен ойын түйіндеді.

Сонымен қатар, осы колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Қойлыбекова әліпби мәдениеттің өлшемі, сонымен қатар ол  ұлттың таңбасы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символдардың бірі екендігін айтты. Білімгерлер Әуесбек Еркебұлан, Шөбек Нұркелді білім  әлемдік, тәрбие ұлттық еліміз Мәңгілік екендігін, жастар бұл реформаға қолдау білдіріп, оны іске асыруға белсенді атсалысатындықтарын нық сеніммен жеткізді. Кітапхана қызметкерлері Г.Сарманова мен Л.Рахымбаева санамызды жаңғыртып, білімді болу үшін кітап оқу керектігін баса айтып, жас-тарды кітап оқуға шақырды