Латын әліпбиі-заман талабы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде  «Жаңғырған латын әліпбиі» тақырыбында Үшарал негізгі мектебінде дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге ата-аналар, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Басқосуда латын әліпбиінің шығу тарихы талқыланды. латын әліпбиіне көшу  қазіргі балаларға аса қиынға соқпайды, себебі, қазіргі балалар ақылды, алғыр. Олардың бұған шамасы келеді. Білім негізі нақ осы балалық шақта қалыптасады. Ата – аналар өз балаларының қабілетіне, болашағына сенсе, олардың өмірде табысты болуын қаласа,латын әліпбиі саясатына түсіністікпен қарауға тиіс.  Балаңыздың Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, әлемде бәсекеге қабілетті боларын білсеңіз, жақсы жұмысқа орналасып, бақуатты өмір кешетініне сенсеңіз, одан артық не керек. Олай болса, латын әліпбиін үйренуге бүгінгі күннен бастап дайын болуымыз қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев таяу жылдардағы міндеттерді айтып кеткендей: «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы біз бұл мәселеге ұқыпты және тиянақты келіп отырмыз. Бұл жерде жайлап кезеңділік қажет. Біз бұған тәуелсіздік алған жылдардан бері аса мұқият дайындалдық және  латын әліпбиі туралы мәлімет жалпы әлемде кеңінен қолданылатынын айтты» Ендігі кезекте де біз бастаған ауқымды түрленулер қоғамдық сананы озық жаңғыртумен ілесіп жүргізілуі тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Латын әліпбиіне көшу, қазіргі уақытта өте пайдалы  екені жайлы айтылды. дөңгелек үстелге  қатысқан  ата – аналар мен мұғалімдер, оқушылар өз аты – жөндерін латынша жазып аса қиын соқпайтынын айтты. Қорытындылай айтқанда, латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі дегім келеді.