Көшпелі лекциялық сабақ өткізді

Сарысу аудандық сотының төраға міндетін атқарушы М.Үркімбаев  МҚКМ №5 Жаңатас колледжінде студенттер мен оқытушылар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын орындау аясында «Қазіргі заманғы билер соты» атты тақырыбында дәріс оқыды.  Лекциялық сабаққа аудан прокуроры К.Койшыбаев, №5 Жаңатас колледжінің 1-2-ші курс студенттері мен оқытушылары қатысты. Іс шараны ашқан аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы М.Үркімбаев қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінің бірі XX ғасырдың басына дейін қолданыста болған билер соты екендігін, сондай – ақ билер соты қазақ халқының ұлттық қазынасы екенін, билердің рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғап, ел ішіндегі келісімді және мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз еткенін атап өтті.Сонымен қатар, «Ұлан – ғайыр далалық өлкені мекендеген көшпелі қазақ халқының тыныштығы мен тәртібін сақтай білген билер сотын қалай әспеттесек те, жарасатындығын, «Заң мен әділеттің алтын ғасыры» болған өткен ғасырдың билер соты қай кезде де құнды екендігін кеңінен айтып берді. Кездесу соңында қатысушылар талқыланған мәселеге қатысты өз пікірлерін ортаға салып, қызу талқылап, сот жүйесінің жұмысына қатысты қойылған сұрақтарына толыққанды жауаптар қайтарылды.