«Көптің тілегі – індеттен құтылу»

Шілде 31, 2020
«Көптің тілегі – індеттен құтылу»
Барша дүние жүзін, елімізді жайлап отырған қатерлі індеттің алдын алуда мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар болып жатқандығы белгілі.
Осындай уақытта барша отандастарымды, жерлестерімді сабырлылыққа, төзімділікке шақырамын.
Бастысы, әр адам сақтық шараларына бейжай қарамауы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуіне құлақ асып, тәртіпті бұлжытпай орындап, сақтық шараларын алуымыз керек.
Мемлекет Басшысының мәлімдемесінде айтылғандай бұнда, «ең бастысы, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау, халықтың табысын арттыру, бизнесті қолдау және дамыту, ел экономикасын одан әрі дамыту, білім мен ғылым жүйесін жетілдіру» болып отыр.
Бүгінде орын алған дағдарыстың күрделі кезеңін ел болып жұмыла еңсеріп, бірлігіміздің арқасында барлық қиындықты жеңіп шығатынымызға деген сенімін де білдірді.
Мемлекет Басшысының әр кез өз халқына жанашырлық танытып, елдің басына түскен қиындықты бірге бөлісуі, оның ел қамын ойлаған көреген басшы екенін тағы бір дәлелдей түскендей.
Қазақстан халқының Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтар алғысы шексіз және оған деген құрметі мен сенімі күннен-күнге арта түсуде.
Біз, барша қазақстандықтар бірлесе отырып осы қиындықты да артқа тастап, жеңіп шығатынымызға сенімім мол! Біз біргеміз!
Алтын Досжанова, Сарысу ауданының Құрметті азаматы