Көп балалы аналармен кездесті

Наурыз 11, 2019

Қазақ: «жетімі мен жесірін жылатпаған халықпыз»- деп, мақтанамыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев шұғыл шешім шығарып, көпбалалы аналар мен мүгедек балаларын асырап отырған және жалғыз басты аналарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында үкіметке шұғыл тапсырмалар беріп, жуық арада көмек көрсетуді тапсырды.  Бұл өзекті мәселе болғандықтан республика көлемінде шұғыл іс-шаралар қабылдап, жұмыстар атқарылуда.

Сарысу өңірінде де аудан әкімі Б.Нарбаевтың шұғыл тапсырмасымен бұл мәселе дер кезінде қолға алынып, көпбалалы аналарға көмек көрсету мақсатында іс-шаралар жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Осыған орай, аудан әкімі Сарысу ауданының көпбалалы аналары мен жалғыз басты қыз-келіншектерді, мүгедек балаларын бағып отырған аналарды аудандық мәдениет үйіне шақырып, кездесу өткізді. Кездесуге ауданның 150-ге жуық аналары қатысты.

Аудан әкімі жуырда ғана «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезіне делегат болып барып, қатысып, сөз сөйлеп, Елбасының көпбалалы аналарға жасалатын қамқорлықтары туралы жиылған аналарға айтты. Сонымен қатар, аудан әкімі Б.Нарбаев ауданның қыз-келіншектеріне көпбалалы аналарға аудан көлемінде және Республикалық деңгейде әлеуметтік көмектің берілетінін жан-жақты түсінікті етіп жеткізді. Көпбалалы аналар аудан басшысының сөзін өте мұқият тыңдады.

Аудан әкімі мен көпбалалы аналар арасындағы сұрақ-жауап, диалогі ашық, шынайы өтті. Өңір басшысы аналардың сұрақтарын мұқият тыңдап, жан айқайларын жүрегімен түсініп, нақты жауап берді. Үш сағаттан астам уақытқа созылған аудан әкімі мен көпбалалы аналар арасындағы пікір алмасу, диалог кездесу түсіністік жағдайда өрбіді.  Аудан әкімі Б.Нарбаев ерінбей, жалықпай аналардың іштеріндегі шер-мұңдарын ашық айтып, шығаруға қолайлы жағдай туғызды. Сұрақтарының барлығына толық, нақты жауап берді. Аналардың басты мұң армандары: баспана, жұмыс, жәрдемақы мәселелері төңірегінде болды.

Аудан әкімі Б.Нарбаев қала және мекеме басшыларына жиын үстінде көпбалалы аналардың өзекті  мәселелерін шешіп беруді тапсырды.

Аудан әкімінен тұшымды жауаптарын алған көпбалалы аналар, салмақты да сабырмен жауап берген аудан әкімі Б.Нарбаевқа алғыстарын да білдіріп жатты.