Келешегіміз кемел

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласын зер сала, бар ықыласыммен оқып шықтым. Маған өте қатты әсер етті. адамның бойы-на мақтаныш сезімін ұялатып, жігерлендіріп жібереді екен.

Даламыз қандай кең де дархан болса, қазақ халқының да жүрегі кең, дархан. Елбасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой – толқындарын – қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып, толғана, тебіріне сыр шерткенде, таңданыстан бас шайқамау қиын.  Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға  деген сүйіспеншілігі барша Қазақстан халқын сүйсінтеді, әрі сондай болуға шақырады.

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне биыл 26 жыл толады. Осы аз ғана уақыттың ішінде елімізде қаншама орасан зор, істер атқарылды. Әрі қарай да атқарыла береді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында елімізді  бүкіл дүние жүзі танып, білуде. Әсіресе, мені қатты қуантқан бағдарламаның «Прагматизм» атты бөлімі болды, осы бөлімге қатты назар салып оқып шығып, өз жұмыс орнымда аталған бөлім бойынша жұмыстар жүргізуді жөн көрдім». Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді, – дейді елбасы.

Өз елін, туған жерін, өз республикасын  сүюді, өз елінің патриоты болуды балабақшадан бастау керек, – деген ой мені көптен ойландырып жүрген болатын. Елбасының осы бағдарламалық мақаласын оқып, танысқаннан кейін осы ойымды жүзеге асыруды алдыма  мақсат  етіп қойдым.  Қазіргі таңда өзім қызмет атқаратын «Саин» МБО» ЖШС балабақшасында шығармашылық тақырыбымды:  «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында  бүлдіршіндер  бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру» – деп алдым. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбиені қалыптастыру үшін, тәрбиешілердің өздері патриот болу керек. Сондықтан да осы тақырып бойынша жыл бойы жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда,  тәрбиешілер мен ата – аналар арасында кеңестер, семинарлар, семинар практикумдар, дөңгелек үстел, іскерлік  ойындар ұйымдастырылып,  тәрбиешілер мен ата – аналарға бала тәрбиесі жөнінде әдістемелік  көмектер көрсетіледі.

Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі болашақтың иегерлері. Егеменді еліміздің көк туын желбіретіп, Қазақстан Республикасын бар әлемге танытып, алдыңғы буын ағалардың салған сара жолдарын әрі қарай жалғастырушылар.