Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың І жартыжылдығында
Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен 27 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізіліп, аталған іс-шараларға 7 мыңнан астам тұрғындар қатысты.

Іс-шаралардың басым көпшілігі орталықтан шалғай орналасқан елді-мекендерде өткізіліп, тұрғындар – отбасы, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамтамасыз ету, салық, жылжымайтын мүлік, жер және т.б. салалар бағытында туындап жүрген сұрақтарына жауаптар алуға мүмкін болды және мемлекеттік қызметтерді алуларына жағдайлар жасалынды.

Іс-шаралардың мақсаты – қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау, қызмет алу мәселелері бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу және қызметтерді ашық, қол жетімді, сапалы әрі уақытты үнемдеу арқылу алу.

Бұл іс-шараларды облыс көлемінде өткізуді жалғастыру мақсатында ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ұйымдастыруымен келесі мекенжайларда өткізілетін болады:

 

Ұйымдастырушы Іс-шараның өтетін уақытысы Іс-шараның өтетін орны
Тамыз айы
1 Шу

ауданының әкімдігі

06.08.2018 ж.,

сағат 17.00

Төле би ауылы, Т.Рысқұлов алаңы
2 Мойынқұм

ауданының әкімдігі

08.08.2018 ж.,

сағат 11.00

Ақсүйек ауылдық округі әкімінің аппараты
3 Мойынқұм

ауданының әкімдігі

15.08.2018 ж.,

сағат 12.00

Мойынқұм ауылы, Рысқұлбеков көшесі, №71 ЖК «А.Ақылбеков» сауда орталығы
4 Тараз

қаласының әкімдігі

15.08.2018 ж.,

сағат 16.00

Тараз қаласы, Тәуке хан көшесі, № 1/Д «Small» супермаркеті
5 Шу

ауданының әкімдігі

16.08.2018 ж.,

сағат 10.00

Ақсу ауылдық округі,

Баласағұн орта мектебі

6 Қордай

ауданының әкімдігі

17.08.2018 ж.,

сағат 17.00

Кенен ауылдық округі әкімінің аппараты
7 Байзақ

ауданының әкімдігі

24.08.2018 ж.,

сағат 11.00

Бурыл ауылы, Д.Қонаев көшесі

«Сауда үйі» дүкені

Қыркүйек айы
8 Талас

ауданының әкімдігі

07.09.2018 ж., сағат 10.00 Майтөбе ауылдық мәдениет үйі
9 Байзақ

ауданының әкімдігі

12.09.2018 ж., сағат 11.00 Сарыкемер ауылы, К.Орынқұлов көшесі «Дәмді себет» дүкені
10 Сарысу

ауданының әкімдігі

14.09.2018 ж., сағат 10.00 Жайылма ауылдық округі,

Қызылдихан ауылдық клубы

11 Жуалы

ауданының әкімдігі

14.09.2018 ж., сағат 10.00 Боралдай ауылдық округі,

Көлтоған мәдениет үйі

12 Жамбыл

ауданының әкімдігі

14.09.2018 ж., сағат 15.00 Қарасу ауылдық округі

Ащыбұлақ ауылдық клубы

13 Сарысу

ауданының әкімдігі

14.09.2018 ж., сағат 16.00 Жаңатас қаласының орталық

мәдениет үйі

14 Қордай

ауданының әкімдігі

14.09.2018 ж., сағат 17.00 Қордай ауылы, «Flagman» сауда кешені
15 Т.Рысқұлов

ауданының әкімдігі

19.09.2018 ж., сағат 11.00 Қорағаты ауылдық клубы
16 Тараз

қаласының әкімдігі

21.09.2018 ж., сағат 11.00 Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі,

№ 300 «Орталық базар» сауда кешені

17 Жуалы

ауданының әкімдігі

24.09.2018 ж., сағат 10.00 Б.Момышұлы ауылының

орталық алаңы

18 Меркі

ауданының әкімдігі

28.09.2018 ж., сағат 10.00 Меркі ауылы «ММ Меркі» сауда орталығы

 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген құқықтарыңыз бұзылса Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, № 8/А мекенжайда орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне шағымдануларыңызға болады.

Байланыс телефон нөмірлері: +7 (7262) 43-88-44, 43-88-08.

 

Б.А. Кенесбек,

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің

Жамбыл облысы бойынша

департаментінің

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

басқармасының бас маманы