Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

Жаз маусымы келген сайын жолға қатысушылар саны артады. Біреулер рульге алғаш рет отырса, кейбіреулер мотоциклді жүргізе бастайды. Сондай-ақ автокөлікті не мотоциклді сатып алуды жоспарлап жүрген адамдар да бар және олар үшін ең бастысы авто-мотокөлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін алу болып табылады. Осы мақала «А», «В» санаттағы жүргізуші куәлігін алу процесі, осы құжатты алу үшін үшін жасалатын әрекеттер, жол қозғалысына толыққанды қатысушы болу үшін қандай құжаттарды жинау керектігі жөнінде баяндайды.

Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  • жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену;
  • емтихан тапсыру;
  • құжаттарды жинау;
  • құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.

Жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баждың құны 1,25 АЕК құрайды.