Жемқорлықтың алдын алу-басты міндет

Сыбайлас жемқорлықпен  күрес бағдарламасын  бекіткен.Бұл бағдарламаның басты мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады.

Сондықтан да, Елбасы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға, халық арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық жадынамалар және әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәлімет арнайы көрнекі тақтайшаға орналастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған материалдар (сенім телефоны, азаматтарды қабылдау кестесі) жарияланып тұрады. Отбасы күніне орай мемлекеттік қызметшілердің туыстарына «Ашық есік» күнін ұйымдастыру жос-парланып отыр.

Қазіргі таңда әлем назарын өзіне аударған қауіпті және өзекті мәселелердің бірі –сыбайлас жемқорлық.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша заң қабылданып, жүзеге асырылуда.Осыдан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп,мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі күшейтілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлердің әдептік нормаларын және мінез құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық жалпы стандарттарын, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттарын, көпшілік алдында,оның ішінде БАҚ-да сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын айқындап берді