Жемқорлыққа жол жоқ

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттілігін айтып, қоғамның барлық мүшелеріне, сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлеу көзделген болатын. Осы негізде 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қабылданды. Сондықтан да заң бойынша «алушыға» ғана емес «берушіге» де жауапкершілік артылған. Бұл ретте өз құзыреті шегінде аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға шақырады.