egov.kz

Бүгінгі күнде мемлекеттік қызметтердің Тізіліміне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы 603 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның 507-сін электрондық форматта электрондық үкімет порталынан (Egov.kz), 96-сы қағаз нұсқада халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алынады. Қазір белең алып отырған бүкіл әлемдік пандемияға байланысты, облыстағы халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерінің жұмысы уақытша тоқтатылған.

Төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін, сонымен қатар болашақта, электрондық үкімет порталы арқылы алынатын қызметтер түрлері халыққа қызмет көрсету орталықтарынан көрсетілуі тоқтатылады.

Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы тұрғындардың электрондық қызмет көрсету түрлерін алу мүмкіндігі шектеледі. Сол себепті, мемлекеттік қызметтер онлайн режимінде көрсетілуде, алайда Сарысу ауданында  әлеуметтік аз қамтылған, яғни компьютерлік техникалары, ғаламтор жүйесіне қолжетімділігі жоқ отбасылары аталған мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіншілігі болмауда.

Жоғарыдағылардың негізінде, Сарысу ауданы тұрғындарына ауылдық аймақ әкімшілігінде және ауылдық кітапханаларда интернетке қолжетімді Egov бұрышы арқылы  электрондық форматта электрондық үкімет порталынан мемлекеттік қызметтері көрсетіледі. Сонымен қатар Жанатас қаласынын әкімшілігінен, аудандық кітапхана, Сарысу аудандық оталық аураханасында және Сарысу ауданы жұмыспен қамту ортылығында Egov бұрышы арқылы электронды анықтамаларды алу болады.