«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету бойынша» Сарысу аудандық бөлімінің 2020 жылдың 12 айында көрсетілген қызмет түрлері бойынша анықтамасы.

Сарысу аудандық бөлімі арқылы 2020 жылдың 12 ай ішінде жалпы-30639 мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, 31932 мемлекеттік қызметтері орындалып берілген. Оның ішінде Мамандандырылған ХҚК-бойынша жалпы-4050 мемлекеттік қызметтері көрсетілді яғни көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу бағыты бойынша 1902 құжат, жүргізуші куәліктерін беру-2148 құжат орындалып берілген. 2020 жылдын 12 ай ішінде, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету бойынша» жылжымалы  мобилдық тобы 58 іс-сапарға шығу арқылы ауылдық аймақ оругінің халқы мен тұрғындарына «Электронды үкімет» туралы, сонымен қатар «eGov mobile» қосымшалары туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп ауылдық  округтерінін тұрғындарына 1569-мемлекеттік қызметтері көрсетілді.

Сонымен қатар Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бойынша (Connection point) арқылы  Электронды Үкімет порталы бойынша келген мемлекеттік қызметтерін алушыларға 19938-кеңес беріліп, 14837-мемлекеттік қызметтері көрсетілген. Электронды Үкімет порталын халыққа насихаттау жұмыстары арқасында, 2020жылдын 12 ай ішінде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, жүргізуші куәліктерін беру, бағыты бойынша 679 мемлекеттік қызметтері көрсетілді. Сондай-ақ

2021жылдың 1-ші тоқсанына арналған мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу мемлекеттік қызметі көрсету үшін, іс-сапарға шығу кестесі бойынша қосымша жұмыстары жүргізіледі.