Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан әкімінің қолдауымен «Аlgo Dlamond» компаниясының президенті Ж.Бекмұсаев пен М.Бекмұсаеваның ұйымдастыруымен Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебінің жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне арнап «Жомарт жүрек» атты қамқорлық акциясы өтті.

Акция аясында аудан әкімінің орынбасары Д.Асанова, мектеп директоры Л.Асанова сөз сөйлеп, мерекемен тәрбиеленушілерді құттықтап, еліміздің тәуелсіз жылында жеткен жетістіктерге, Елбасының жыл сайынғы Жол-даулары мен бағдарламалық мақалаларына тоқталып өтті. Одан кейін жеке кәсіпкерлер Ж.Бекмұсаев пен М.Бекмұсаева сөз сөйледі:

-Жылы сөзбен баланы адамгершілікке, қарапайымды-лыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге болады. «Жақсы сөз-жан азығы» деп бекер айтылмаса керек. Қай заман, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен жастарға оқу, білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Сондықтан да Елбасымыз XXI ғасырды білім жарысы ғасыры деп атап отыр. Тәрбиенің мақсаты- пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы адамды тәрбиелеу. Сондықтан, мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерге жан-жақты қолдау көрсетіп, қуанышына ортақтасу біздің парызымыз,-деді.

Сонымен қатар, мектеп жанындағы интернат тәрбиеле-нушілерге  қыстық киім-кешек пен оқу құралдарын және жаңа жылдық тәттілерді сыйға тартты.

Сондай-ақ, интернат тәрбиеленушілер қамқорлық жасаған жомарт жандарға рахметін айтып, патриоттық әндер мен жүрек жарды жырларынан шашу шашты. Одан кейін, Б.Қашқынбаев атындағы орта мектептің „Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” кабинетінде оқушылармен кездесті.