Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау, қуаттау мақсатында Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепте желілік кестеге сәйкес бірқатар іс-шаралар, сайыс-тар, дөңгелек үстелдер өткізілген

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау, қуаттау мақсатында Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепте желілік кестеге сәйкес бірқатар іс-шаралар, сайыс-тар, дөңгелек үстелдер өткізілген. Сіздердің назарларыңызға солардың бірнешеуін ұсынуды жөн санадық. 100 жаңа есім

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектепте «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихымен танысып, ауданымызға еңбегі сіңген  қайраткерлеріміз туралы мәліметтер айтты.

 

Тіл-достықтың айнасы

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында   тәрбие орталығының ұйымдастыруымен  5-11 сынып оқушылары арасында «Тіл достықтың айнасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Әдеби кеш ҚР-ның мемлекеттік әнұранымен ашылды. Кеш барысында мектеп директоры Л.Асанова  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына тоқталып, латын әліпбиіне көшу-заман талабы екенін түсіндіріп өтті.  Кеш барысында мектеп оқушылары үш тілде өлең-тақпақтарын айтып, сахналық қойылымдар қойды.

 

Кездесу өтті

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерімен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша кездесу өтті.

Басқосуда «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры  М.Бегеев, «Жас Отан» Жастар  қанаты аудандық филиалының басшысы С.Тоқбанов қатысты. Кездесуде  «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жайлы оқушылармен пікір алмасты.

 

Латын тілі-тұғырлы бәйтерек

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Лаура Байбағысова, Күлаш Мәдібекова, Нұргүл Тәшенбаеваның ұйымдастыруымен «Латын тілі-тұғырлы бәйтерек» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде Елбасының мақаласындағы «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрінде латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз»,-деді.

Қазіргі таңда латын әліпбиінің «Ұлттық жобасы» жүзеге асырылып сарапталуда.2018 жылы жаңа әліпбиді үйрететін арнайы мамандар және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу керектігін айтып өтіп 2025 жылға қарай барлық іс-қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрінде латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз деген Елбасының сөзімен қорытындылады.

Оқушылар өзара пікір алмасу барысында латын әліпбиінің шығу тарихы мен қолдану кезеңдеріне шолу жасап, болашақ жастар -білімді ұрпақ болу үшін латын әліпбиі жаңа технологияны меңгеруге, ағылшын тілін үйренуге үлкен септігін тигізетінін айтып өтті.

 

Ауылдан шыққан өнер адамдары

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында 3-4 сыныптар арасында «Біздің ауыл халқы» тақырыбында байқау өткізілді.

Байқауда оқушылар таныстыру (өз ауылын таныстыру), менің ауылымның мақтанышы «Ауылдан шыққан өнер адамдарының еңбектерімен шығармашылық жұмыстары туралы), Үй тапсырмасы. «Егер мен……..»,  сұрақ-жауап шарттары бойынша бақтарын сынады.

Байқау нәтижеснде ІІІ-орынды 3 «ә» сыныбы, ІІ-орынды 3 «а», І орынды 4 «ә» сыныбы, бас жүлдені  4 «а» сыныбы иеленді.

 

Сынып сағаттары

5-11 сынып оқушылары арасында «Латын алфавиті – ХХІ ғасырдың ғылыми және білім тілі» тақырыбында   бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттарында    Рухани жаңғыру мақаласындағы латын әліпбиіне көшу-компьютерлік жаңа технологиялар арқылы  халықаралық ақпарат кеңістігіне  еркін еніп, қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатын гинетикалық тамырымыз, рухани әлеміміз, тарихымызбен тіліміз, ортақ түркі халықтарының біразы латын графикасын қолданатындығы және Елбасының бекіткен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі жайлы да айтылды.

 

Спорт-денсаулық кепілі

Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебі бойынша Нұршат Байсалбаевтың ұйымдастыруымен  8-9 сынып оқушылары арасында   эстафеталық жарыс өткізілді. Жарысқа  төрт команда қатысты. Спорт нұсқаушы  Н.Байсалбаев  жарыстың ережелерімен таныстырып, дене қыздыру жаттығуларын жасатты. Жарысқа қатысушылар «Қызықты эстафета», «Сыңар аяқ», «Секіртпемен секіру», «Қаппен секіру», «Доппен кедергілер арасымен жүгіру» ойындары бойынша бақтарын сынады.

Жарыс нәтижесінде ІІІ орынды  8«а, ә» сынып оқушылары,  ІІ орынды 9 «ә» сынып оқушылары, І орынды 9 «а» сынып оқушылары иеленді.