Хабарландыру

 

Құрметті аудан тұрғындары! Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жан-жақтан келетін туристер Жамбыл облысы бойынша 33 туристік нысандарға баруға қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде 4 нысан Сарысу ауданы аумағында орналасқан олар:

1.«Саудакент» көне қалашығы (IX-XV ғ)

2.«Шоқай Датқа» зираты (XVIIIғ)

3.«Ықылас Дүкенұлы» мемориалы (1843-1916 ж)

4.«Т.Мақашев» атындағы өлкетану мұражайы.

Аудандағы 4 нысанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне келуші туристер үшін ұсынылып тізімге енгені аудан тұрғыны үшін үлкен құрмет екені белгілі.

Тарихты құрметтеу және оны сақтау біздің

басты мақсатымыздың бірі.

Құрметті аудан тұрғындары! Аталған тарихи орындарды таза ұстап, сенбілік өткізуге шақырамыз.