ЭКСПО-2017 шеңберінде бірыңғай Байланыс орталығы іске қосылды


2017 ж.    23 мамыр                                                                                                 Астана қ.

 

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы және «Казақтелеком» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмысы бойынша бірыңғай Байланыс орталығын іске қосты.

 

Байланыс орталығы дер кезінде және үздіксіз қызмет көрсету мақсатында, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық клиенттік топтарының өтініштерін қабылдау үшін ұйымдастырылған.

Байланыс орталығының жұмысын «Казақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы – «KT Cloud Lab» ЖШС қамтамасыз етеді. Нысан мониторинг қызметі және телекоммуникациялық жүйелер мен оператордың құрал-жабдықтарын басқаруын орталықтандыруға мүмкіндік жасап отыр. Аппараттық кешен бағдарламасының критикалық құрамдастарын қорда сақтау арқылы бұзылуға тұрақтылықтың 99,9% қамтамасыз етіледі.

Байланыс орталығы тәулік бойы, үзіліссіз, мына нөмірлер 1440 және 8 800 080 2017 бойынша жұмыс істейді. Байланыс орталығына Қазақстан Республикасының аумағындағы ұялы байланыс абоненттері үшін және стационарлық телефондардан қоңырау шалу тегін. 120 оператор қоңырау шалушыларға қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, байланыс орталығы Facebook (@contactcenter.expo2017), Twitter (аккаунт #c_center_expo) әлеуметтік желілері, сондай-ақ Telegram (@ContactCenterEXPO2017Bot) мессенджері және 1440@expo2017astana.com электронды мекенжайы арқылы өтініштерді қабылдайды. Әлеуметтік желілер және ЭКСПО-2017 сайтымен бірлесу операторларға барлық сауалдар бойынша бір терезеде жұмыс істеу мүмкіндігін береді.

Байланыс орталығы 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

 

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті және «Казақтелеком» АҚ дайындаған