Болашаққа бағдар

Шоқай датқа атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен латын тілін насихаттау барысында «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы»  тақырыбында 9-11 сынып оқушылары аралығында дөңгелек үстел болып өтті. Сонымен қатар, мектеп мұғалімі  А.Сапарбаева 11- сынып оқушыларымен «Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабынан қалмау», Н.Құралбекқызы 8- сынып оқушыларымен «Латын алфавиті-ХХІ ғасырдың ғылыми және білім  тілі» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.  Сондай-ақ, барлық сыныптардың қатысуымен «Мен және менің тілім» тақырыбында шығарма, эссе жазу байқауы ұйымдастырылып, латын жазуы арқылы  қазақ тілінің   мәртебесін көтеру  дамыған отыз елдің қатарына  кіруге үлкен  септігін тигізетінін айтып өтті.