Аудан әкімінің орынбасарлары

Көкей Олжас Тұрғынұлы  

2(5)

        Көкей Олжас Тұрғынұлы 1968 жылы 20 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.  1992 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «малдәрігері», 2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін менеджмент бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

1987-1989 жылдары әскер қатарында борышын өтеген.

Еңбек жолын 1992 жылы Талас аудандық малдәрігерлік лабораториясында малдәрігер-серолог болып бастаған.

1997 жылы Талас аудандық малдәрігерлік мекемесі емдеу бөлімінің меңгерушісі, 1997-1999 жылдары Талас аудандық малдәрігерлік мекемесі жұқпалы аурулар жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, 1999 жылы Талас аудандық малдәрігерлік бақылау бөлімінің бастығы, 1999-2000 жылдары ҚР АШМ Талас аудандық аумақтық басқармасы бастығының міндетін атқарушы,                      2000-2001 жылдары ҚР АШМ Талас аудандық аумақтық басқармасының бастығы, 2001-2006 жылдары ҚР АШМ Жамбыл облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, 2006-2007 жылдары ҚР АШМ Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, 2007-2009 жылдары ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, 2009 жылы ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық инспекциясының бас маманы, 2009-2010 жылдары ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, азық-түлік мониторингі және ауыл аумақтарды дамыту бөлімінің бас маманы, 2012 жылы Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2012 жылдың қараша айынан бастап Сарысу ауданы әкімінің орынбасары.

Наградалары: «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен, «Сарысу ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен,  Сарысу ауданы әкімінің, Құрмет грамотасымен марапатталған.

            Отбасылы, 4 бала тәрбиелеуде.

 

 

Картинки по запросу "ерлан имашев аудан әкімінің орынбасары"Имашев Ерлан Оспанбекұлы 1978 жылы 4 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1996 жылы «Элтекс» Жамбыл кәсіпкерліктік жоғары оқу мектебін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Жаңатас қалалық әскери комиссиариатында бөлім бастығының көмекшісі болып бастаған.
2003-2005 жылдары Жаңатас қаласы әкімі аппаратының маманы, 2005 жылдың сәуір айынан маусым айына дейін Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, 2005-2009 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінде бөлім бастығы, 2009-2010 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету жиынтық секторының бас маманы, 2010- 2011 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету жиынтық секторының меңгерушісі, 2011 жылдың шілде айынан Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Отбасылы, 2 ұл 1 қыз тәрбиелеуде.

 

 

 

ТАҒАЙЫНДАУ

Сарысу ауданы әкімінің өкімімен Нұрмаханова Лаура Игенқызы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Нұрмаханова Лаура Игенқызы 1970 жылы 11 сәуірде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.
1994 жылы Жамбыл педагогтік институтын қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1987-1988 жылдары Ақтоғай ауылындағы Серго атындағы негізгі мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі болып бастаған. 
1988-1995 жылдары Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі, 1995-1996 жылдары №37 Сүлейменов атындағы мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  1996-2002 жылдары Байқадам атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2002-2013 жылдары Байқадам атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2013-2014 жылдары Шағалалы негізгі мектебінің директоры, 2014 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры қызметтерін атқарған.
Отбасылы, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.Нұрмаханова Лаура Игенқызы 1970 жылы 11 сәуірде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Жамбыл педагогтік институтын қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987-1988 жылдары Ақтоғай ауылындағы Серго атындағы негізгі мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі болып бастаған. 1988-1995 жылдары Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі, 1995-1996 жылдары №37 Сүлейменов атындағы мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 1996-2002 жылдары Байқадам атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2002-2013 жылдары Байқадам атындағы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2013-2014 жылдары Шағалалы негізгі мектебінің директоры, 2014 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры қызметтерін атқарған. Отбасылы, 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.