Аудан әкімі

Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы 

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Бақытжан Жақсылықов Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды.
Бақытжан Алпысұлы 1972 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген.
Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушы болып бастаған.
Әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының, аудандық Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының бас маманы, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аудандық комитеттің төрағасы, Жаңатас қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, Сарысу ауданы әкімінің аппаратын басқарған. Сарысу ауданы әкімінің орынбасары, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымдарында болған.
2019 жылдың наурыз айынан бастап «Тараз Құрылыс Инвест»компаниясының бас директоры болып жұмыс істеп келген.