Сарысу ауданының әкімі Б.Нарбаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне арналған мерекелік іс-шарада сөйлейтін сөзі

Жаңатас қаласының

орталық алаңы 

2018 жылдың 9 мамыры,

сағат 10.00

 

 

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті қала тұрғындар!

9 мамыр – Жеңіс күні біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз.

Өйткені, Ұлы Жеңіс мерекесі – бұ л бейбітшілік сүйгіш барша адамзат баласының мерейлі мерекесі.

Бұл «бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деп тынымсыз еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің мерекесі.

Жеңімпаз аталар мен ағалардың жарқын істерін алға апарар жас ұрпақтың мерекесі.

Ұлы Отан соғысының адамзат баласының тарихындағы алар орны ерекше. Өйткені, бұл соғыс ең қатыгез соғыс ретінде есте қалды.

Ел аманатын арқалаған ата-апаларымыз ұрыс даласында ерен ерліктің үлгісін көрсеткені тарихи шындық.

Бұл Жеңіс – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Қасым Қайсенов, Рахымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанова сынды мыңдаған азаматтардың көзсіз ерлігімен, жау жүрек батырлығымен келді.

Сондықтан, біз бүгін аттары аңызға айналып, халқының сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген даңқты батырларымыздың есімдерін мақтанышпен еске аламыз.

Біз Ұлы Отан соғысының оқ бораған отты даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, елге ерлікпен  оралған Жеңіс солдаттарына тағзым етеміз.

Елі барда ерлер есімі ешқашанда өшпек емес. Өйткені, ерлік елге ұран, ұрпаққа мұра.

Олардың қатарында сарысулық жауынгерлерде аз емес. Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт еңбекке араласып, ауданның дамуына айрықша үлес қосқан ардагер аға – апаларды ұрпақтары  мақтан тұтады.

Соғыс және тыл ардагерлерінің аумақта саяси тұрақтылықтың нығаюы мен өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге қосып келе жатқан өлшеусіз үлестеріне ризашылығымыз шексіз.

Ерлік ескірмейді. Ол жылдар өткен сайын біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Біздің міндетіміз осы бейбіт күннің қадірін білу, тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтауға үлес қосу.

Дорогие ветераны!

Уважаемые сарысусцы!

От всего сердца поздравляю вас с 9 Мая – Днем Победы в Великой Отечественной войне!

Этот праздник – символ патриотизма, героизма и отваги людей, защищавших нашу Родину. Безмерная признательность ветеранам Великой Отечественной войны, труженикам тыла и всем, кто самоотверженно и стойко приближал Победу, благодаря которым мы живем под мирным небом в независимой стране, строим красивую и современную столицу.

Вечная память павшим героям-победителям!

Искренне желаю вам и вашим близким здоровья, мира, крепости духа, благополучия и счастья!

Қымбатты сарысулықтар!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Егемен еліміздің аспаны ашық, мерейі үстем болсын!