Сарысу ауданының әкімі Б.Нарбаевтың Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған құттықтауы

Құрметті сарысулықтар!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді, еліміздің жүрегі, береке – бірлігіміздің ұйытқысы болған Астанамыздың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 20 жыл бұрын, Елбасының Жарлығына сәйкес Ақмола атауы Астана  болып өзгертілді. Дәл осы жылы ЮНЕСКО Қазақстан астанасына медаль мен  «Бейбітшілік қаласы»  атты жоғары шен берді.

Бүгінде  Астана Еуразия кеңістігінің кіндігі, мұнда саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени проблемаларын шешу туралы әртүрлі жиындар өткізіледі.  Әлем үшін Астана- интеграция идеяларының қозғаушысы, Шығыс пен Батысты жақындастыру, әртүрлі мәдениет пен цивилизация символына айналып отыр.

Жаңа тарих бетінде Астана бейбітшілік пен дәстүрлі діндер көбасшыларының бірінші Съезді өткен орын ретінде жазылған.

Тәуелсіздігіміздің тірегі, Отанымыздың жүрегі болған Елордамыз күн санап гүлденіп, өзінің әсемдігімен күллі әлемді тамсандырып келеді.

Астана – Қазақстанның жаңару нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш-қуатының куәсі.

Астана – азаттық алған ұлттың өзінің болашағына, ұрпағының ертеңіне деген зор сенімі.

Астана – асқақ армандар ұштасатын армандар шыңы. Сарыарқа төсінде аз ғана уақытта мұндай әсем қаланың бой  көтеруінде Елбасының ұшан-теңіз еңбегі жатқаны баршаға белгілі.

Бүгінгі таңда, егемен еліміздің барлық өңірлері Елордамызға қарап бой түзеп келеді.

Астананың 20 жылдығы белесінде тағы бір маңызды дата келіп жетті. Ол, біздің ауданның 90 жылдық мерейтойы.

Осынау мерейлі мерекелер құрметіне орай бірқатар жұмыстар қолға алында.

Жақында ғана, жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Солянная компнаия «Асыл тұз» кәсіпорны ашылды.

Жыл басында 120 пәтерлік жаңа тұрғын үй елі игіліне берілді, ағымдағы жылдың аяғына дейін 60 пәтерл көпқабатты үйді жөндеп беру жоспарда бар.

Орталық саябақты жаңғырту жұмысы да назардан тыс қалған емес, жақында балалрға арналған жаңа аттракцион орнатылады.

Сондай-ақ, Игілік және Ұйым ауылдарында жеке әріптестік шеңберінде жаңа балабақшалар бой көтеретін болады.

Уважаемые жители района!

Уважаемые сарысусцы!

Сердечно поздравляю вас с 20 летием нашей  прекрасной столицы! Это знаменательный день для каждого казахстанца.

Ровно 20 лет назад согласно Указа Главы государства Акмола была переименована в Астану. В этом же году по решению ЮНЕСКО столице Казахстана была присуждена медаль и присвоено высокое звание «Город мира».

С каждым годом, месяцем, днем Астана меняет свой облик, расцветает и растет на глазах всего мира.

Сегодня Астана это центр евразийского пространства,  где проходят различные встречи по политическим, экономическим и социально-культурным проблемам современности.

Для всего мира Астана- символ продвижения идей интеграции, сближения Востока и Запада, различных культур и цивилизаций. В новейшую историю мира Астана вписана как место проведения первого Съезда лидеров мировых и традиционных религий.

Уважаемые земляки!

Искренне поздравляю Вас с 20 летием столицы Астаны!

От всей души желаю всем  мира, добра, благополучия и новых свершений во благо нашей Родины- Республики Казахстан!

Құрметті жерлестер! 

Мерейлі 20 жылдық мерекеміз құтты болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Асқақ Астанамыз бен өңірлеріміз өркендей берсін!