Сарысу ауданының әкімі Б.Нарбаевтың 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған іс-шарада сөйлейтін сөзі

 

 

Жаңатас қаласының

орталық алаңы

2018 жылдың 7 мамыры,

сағат 09.00

 

 

        Құрметті Отан қорғаушылар!

Құрметті көпшілік!

Отан қорғау – қашанда қасиетті де қастерлі ұғым болған.

«Ер – елінің қорғаны» деп бағалаған дана халқымыз ержүрек жандардың істеріне сай сый-құрмет көрсетіп келеді.

1992 жылдың 7 мамырында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Осы уақыттан бері бұл күн жыл сайын мемлекеттік мереке ретінде тойланып келеді.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, өз әскеріміз құрылды.

Бұл күні – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлердің алдында тағзым етеміз. Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен оның сапында жүргендерге құрмет көрсетеміз.

Маңызды мереке – мемлекеттің қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді  ұлықтайтын күн.

Бүгінде, Отан қорғаушылар күні – өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды.

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.

Құрметті жиналған қауым!

Баршаңыза батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған құтты болсын!

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен татулық, әрбір шаңыраққа ырыс-береке тілеймін!

Ержүрек ерлеріміздің бұл мерекесі елімізге әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкелсін.

Аспанымыз ашық, бейбіт өміріміз баянды болсын!

Құрметті жастар!

Сіздерді, 7 мамыр – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Взвод: Ура! Ура! Ура!