Сарысу ауданы әкімі Б.Нарбаевтың Наурыз мейрамына арналған құттықтауы

Құрметті сарысулықтар!

Қадірменді ағайын!

Халқымыз Ұлыстың ұлы күніне балаған жыл басы – Наурыз бірлік пен береке мейрамы.

Күн мен түн теңесіп, жақсылық пен жарастық, шаттық пен шапағат, қайырымдылық пен ізгілік бастау алар күн, осы – Наурыз мейрамы.

Ғасырлар қойнауынан жеткен ұлы жаңғырық, бабалар үнін асқақтатып, оймен оралып, қанға сіңген қасиетті дәстүр.

Баршаңызды Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз үшін сан жылдар бойы сабақтастығын үзбеген әз-Наурыз мерекесінің орны бөлек.

Шежіресі мол қарт Қаратаудың қойнауына «жаңа күн» келді. «Жаңа» деген сөз – жақсылықтың сезімін, жақындықтың іргесін қалайды.

Бұл күні «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп бір-бірімізге айшықты тілек айтамыз.  Наурыз көжеден дәм татып, абыз ақсақалдардан  бата аламыз.

Осыған байланысты дана халқымызда: «Ұлыстың ұлы күні қазан толса, ол жылы ел қалжалы болар,  ұлы кісі бата берсе, ол жылы ел олжалы болар» деген қанатты сөз бар.

Наурыз тойы  бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие.

Бүгінде татулықты ту еткен барлық этнос өкілдерінің сүйікті мерекесіне айналды.

Өйткені, Наурыз – ізгілік  пен ынтымақтың, бірліктің тойы.

Біз бұл қасиетті мерекені еліміздегі саяси тұрақтылық пен ауызбірліктің қалыпты жағдайында қарсы алып отырғанымызды айрықша атап өткім келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Биыл біз Наурызды ерекше көңіл-күймен қарсы алып отырмыз. Үшінші жаңғыру бағдарламасын жарияладық, Конституцияға мемлекеттік басқаруды жетілдіре түсетін маңызды түзетулер енгіздік. Осының арқасында Тәуелсіздік кепілдіктері нығайтылып, бірлік пен татулық бекем бола түседі. Бұл болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді және өзгеріс-тердің бір ғана мақсаты бар. Ол әр үйде, әр отбасында, әр шаңырақта молшылық пен тұрақтылықтың болуы» – деп атап көрсеткен.

Осы орайда, әр азамат өз елі үшін аянбай еңбек етіп, балаларын өсіріп, жаңа күнді қуанышпен қарсы алатындай болуға тиіс.

Бұл Көшбасшымыздың – сындарлы саясатының жемісі, көпұлтты қазақстандықтардың ортақ жеңісі.

Сарысу ауданының Наурыздан наурызға дейінгі аралықта қол жеткізген табыстары аз емес. Бүгінгі мейрамды аудан тұрғындары жарқын көңіл, жақсы пейілмен қарсы алып отыр.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл санап өсіп келеді. Халықтың әлеуетін арттырып, тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Ең бастысы – аудан аумағында қоғамдық-саяси ахуал мен  этносаралық келісім тұрақты.

Наурыз мерекесі – тазалық пен еңбек мерекесі. Арық-атыздарды тазалап, тал–дарақтар отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр.

Олай болса, Сарысу өңірін жасыл желекке бөлеу баршамыздың ортақ ісіміз екенін есте сақтап, үлес қосайық.

Уважаемые сарысусцы!

Сердечно поздравляю Вас со светлым праздником Наурыз!

Наурыз – один из самых древних праздников на земле.

Наурыз – символ возрождения.

Как отметил, Глава государства Нурсултан Абишович Назарбаев: «История возрождённого Наурыза – это история нашей Независимости!»

Испокон веков день весеннего равноденствия является символом обновления природы, олицетворяет собой непрерывную связь времён и поколений.

В далеком прошлом казахский народ называл «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні», символизируя наступление этого события с проводами зимы, обновлением природы, началом весеннего равноденствия.

За годы Независимости нашего государства казахстанский народ сохранил в своей памяти этот прекрасный праздник, придав ему новый смысл. Наурыз стал истинным воплощением таких непреходящих ценностей, как добро, мир, дружба, согласие, единство, братство, толерантность, стабильность.

Именно благодаря сплоченности и толерантности, наш Казахстан стал крепким и процветающим государством, уверенно претворяющим в жизнь самые высокие цели и свершения.

Дорогие земляки!

Празднуя в эти дни Наурыз мейрамы мы объединены единым патриотическим порывом, мыслями и чувствами, разделяя общую радость этого замечательного праздника.

От всей души поздравляю вас с великим праздником  Наурыз мейрамы!

Желаю вам и вашим близким крепкого здоровья, счастья, добра и благополучия!

Пусть Наурыз принесет в каждый дом мир, спокойствие и процветание!

Қымбатты жерлестер!

Наурыз мейрамы бәріміз үшін аса қымбат ұлық мереке.

Сіздерді Наурыз мерекесімен тағы да құттықтай отырып, Қызыр Ата әрбір үйге шаттық сыйлап, қуаныш пен бақыт, құт-береке әкелсін дегім келеді.

Сарысу ауданында түсіністік пен келісім жағдайында қоян-қолтық өмір кешіп, еңбек етіп жатқан әр алуан ұлт  өкілдері үшін бұл мереке  игіліктің бастауы болсын!

Барлықтарыңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін.

Ұлыс оң, ақ мол болсын ағайын!