Аудан әкімі және орынбасарларының ресми сөйлеген сөздері мен ресми мәлімдемелерінің мәтіндері

 

Сарысу ауданының әкімі Қ.Мәдібектің

2019 жылдың қорытындылары мен

алдағы міндеттер туралыесебі

5 ақпан, 2020 жыл

 

Құрметті қауым!Ардақты ағайын!

 

1-слайд.

Бүгін дәстүрлі есеп беру жиынында кездесіп отырмыз.

Атқарылған істер мен алдағы міндеттер жайында баяндаймыз.

 

Өткен жылы ел өміріндегі маңызды құжат – «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты мемлекет басшысының Жолдауы жарияланды.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев   «Біздің жұмысымызда бес институционалдық реформа мен Елбасы әзірлеген Ұлт жоспарын толық іске асыру қажеттігіне сүйенген жөн. Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек.Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс» – деп атап көрсетті.

 

Бұл міндеттерді жүзеге асыру баршамызға үлкен жауапкершілік, зор сенім.

 

 

 

Қадірлі көпшілік!

2-слайд.

Өткен 2019 жыл жақсы аяқталды.

Ағайынның ынтымақ-бірлігі мен еселі еңбегі бірқатар жоспарларға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

 

Ағымдағы бағалармен 23,0 млрд.теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерiшығарылды.Өнім өндіру көлемінің басым бөлігі тау-кен өңдеу саласында.

 

Жалпы негізгі капиталға 37,0 млрд.теңге инвестиция салынды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 40,0 пайызға артық.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,0 есеге артып, 9,0 млрд. теңгеге жетті.(2018ж. -4,6 млрд. теңге).

 

Жыл өткен сайын Сарысу ауданы Жамбыл өңірімен бірге инвестиция салуға қолайлы аймаққа айналып келеді.

«Казфосфат», «Еврохим» және «Жаңатас ВЭС»  компанияларының ауқымды жобаларымен қосакальцийлендірілген сода, цемент зауыты, «Казкэмиклс»компаниясының жобасы іске асырылмақшы.

Бұл жобаларға алдағы жылдары 120,0 млрд. теңгеге жуық инвестиция жұмсалып, 920 жаңа орындары ашылады деп күтілуде.

3-слайд.

Өндіріс орындарының ұлғаюымен қатар ауыл шаруашылығының жүйелі түрде алға жылжуы маңызды.

Ет, сүт өнімдерімен, көкөніс, жеміс-жидекпен аудан халқын қамтамасыз етуіміз керек.

 

Игілік, Арыстанды ауылдары Жаңатасқа тұрақты түрде сүт тасиды. Ақтоғайдың қызанағы мен қиярын базарға түсірмей тұрып сатып алып жатады.

Мал базарын ұйымдастырдық. 2014 жылы жерін бергенбіз. бұған дейін шаруалар малды Қарабұлаққа, Таразға, Қаратаудың базарына тасыған болатын.

 

Жалпы өткен жылы  ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм ағымдағы бағалармен есептегенде 13,0 млрд. теңге болды.

Мал басы өсіп келеді.Тек ғана, биыл қой біраз сатылды. Кейбір шаруалар қойдың орнына жылқы, түйе мен мүйізді ірі қара малдарын алуда.

Бірақ, қой бағасының күрт өсуі шаруалардың қой басын арттыруға қайтадан қызығушылығын танытуда.

 

Сонымен бірге, облыс әкімінің жеке бастамасымен жүргізіліп жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасына кірген Саудакент ауылына жалпы 5224 бас мал сатылып алынатын болады. Оның ішінде 2525-іқой-ешкі.

 

4-слайд.

Қазір шаруашылықтар мен жеке үйлерде 2160 бас түйе, 6630 бас жылқы, 20480 бас мүйізді ірі қара және 206100 бас қой-ешкі бар.

 

Есептімерзімдестатистикалықталдауларбойынша8,0 мыңтоннаға жуық ет өндіріліп (7605,6тн), 6,0 мыңтоннаданастамсүтсауылды(6062,6тн).

Мүйізді ірі қара малын селекциялық асылдандырумен айналысатын шаруашылықтардан бордақылау алаңдарына         844 бас бұқашық өткізілді.

«Меркі Ет Комбинаты» мен «Оңтүстік Халал Тағамдары» кәсіпорындары арқылы 4096 бас қозы еті сатылды. 71,0 тонна ет экспортталды.

 

Әшір Бүркітбаев және Игілік ауылдарында сүт жинайтын 2 танкер алынды.Саудакентте жылжымалы танкер алуға тапсырыс берілді.

Жаңатас қаласында жеке кәсіпкер қуаттылығы тәулігіне 2 тонна өнімөндіретін сүт цехын салды.

Ендігі жерде жүн мен теріні қайта өңдейтін шағын кәсіпорындар ұйымдастыруымыз керек. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау өте жақсы.

Қазір жылына 220 тоннадан астам жүн қырқылады. 45 мың данадан астам сиыр мен қой терісі алынады.

5-слайд.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға биылдың өзінде 21 азаматқа 37,0 млн. теңге жастардың гранты берілді.

Онда құс, бөдене жұмыртқасы, түйіршіктелген құрама жем, шағын жылыжай, құлпынай өсіретін жобаларға қолдау көрсетілді.

 

Аз қамтылған отбасылар мен 29 жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарға, сондай-ақ, жұмысқа жарамды мүгедектерге         505,0 мың теңгеден (200 АЕК) 322 адамға 163,0 млн.теңге, жұмыссыз азаматтарға 252,0 мың теңгеден (100 АЕК) 42 адамға 11,0 млн.теңге, барлығы 364  адамға 174,0 млн. теңге берілді.

Олардың да көпшілігі мал алып жатыр.

 

Өткен жылы 2500 гектар күздік бидай, 4600 гектар жаздық арпа, 1000 гектар жүгері, 7100 гектар мақсары, 529 гектар көкөніс пен бақша дақылдары және 4563 гектар басқа да дақылдар егіліп, барлығы 20292 гектар жер игерілді.

Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 223 гектарға артық.

Қазір егіске жарамды жерлердің бос жатқаны жоқ.

Күзгі дала жұмыстарында биылғы жылдың өнімі үшін 2000 гектар пар айдалып, 3150 гектар жерге күздік бидай себілді.

 

Алдағы көктемгі дала жұмыстарында егістік жерге 617 гектар қосылып, суармалы жерлер 400 гектарға тағы да ұлғаяды.

Ескі «Кәрітоған», «Сарыөзек» каналдарын жөндейміз.

«Қызылжар» шаруашылық иесімен аудандық коммуналдық меншікке өткізілген сыйымдылығы 1,0 млн.3 су тоспасын қалпына келтіруді жоспарлаймыз және «Бүркітті» су қоймасын каналдарымен бірге жөндеуді қолға аламыз.

Нәтижесінде суармалы егістіктің көлемін 600 гектарға дейін арттыруға мүмкіндік бар.

6-слайд.

Күзгі егін жинау науқанында 7100 гектар масақты дақылдар орылды.

Күздік бидайдан әр гектарынан өнім 18,5 центнерден және жаздық арпа 19,6 центнерден айналды.

14,0 мың тонна астық қамбаға құйылды.

 

Егін орағын ауыл шаруашылығы құрылымдары уақтылы жүргізді.Ораққа 28 астық комбайны, 30 автокөлік және 20 трактор тіркемелерімен қатысты.

Дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен, яғни, 845 тонна дизель отыны 177 теңгеден босатылды.

 

Біз ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыруымыз қажет.

Өткен жылы барлығы 44 жаңа техника, оның ішінде 14 трактор, 30 басқа да ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

Бұған шаруалар 243,0 млн. теңге қаржы жұмсады.

Қазір қолда бар техниканың 84,0 пайызының тозығы жеткен.

7-слайд.

5 шаруа қожалықтары 10,0 млн.  теңгеге жылжымалы тұрғын үй (вагонын) алды. 3 шаруашылыққа мемлекеттік бағдарлама арқылы құдық қазылып, 39 қыстауға шағын күн электр станциясы орнатылды.

Егіс топырағының құнарлылығын арттыру мақсатында шаруашылық құрылымдары 894,0 тонна тыңайтқыш алды.

Ауданда жаңа технология – тамшылатыпсуғару жүйесін әзірге бір ғана шаруашылық пайдаланып отыр.

Бұл жүйежалпы 75 гектар суармалы жерге енгізілді.

 

Енді осыны пайдаланып отырған шаруашылықтарға озық технологияларды одан әрі дамыту үшін қосымша жер берілді.

Мұнда «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жер асты суын шығару ұңғымаларын қазу қарастырылуда.

 

Алдағы уақытта су жеткізу қиындық туғызатын егістік жерлерге инфрақұрылымды дамыту тетігімен ұңғымалар қазуды жоспарлаймыз.

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шаруаларды көбірек тарту үшін арнайы кестемен барлық ауылдарда кездесулер өткізіліп жатыр. Газетке жаздық. Әлеуметтік желілерге шағардық.

8-слайд.

Мысалы, 2019 жылы субсидия түрлері бойынша құжат өткізілген қаржы көлемі бар-жоғы 148,0 млн. теңге ғана.

 

 

Яғни, біздің шаруалардың алатын қаржылай қолдауы осы ғана. Кейбір аудандарда 148,0 млн. теңгені бір шаруашылық ғана алып жатады.

 

Ит-құсты аулауға қаржы қарастыруға ұсыныс бердік. Бұрынғы жылдары 600-700 мың теңге бөлініп тұратын.

Мал ұрлығының алдын алу жөнінде жеке жоспар құрдық. Өрістегі малдың соңына міндетті түрде бақташы қоюды қадағалайтын боламыз.

Өткен жылы жалпы 264 бас мал ит-құсқа жем болса, 29 бас мал өрістен жоғалды.

 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 305,0 млн. теңгенің 79 жобасы, «Саудакент» несие серіктестігі арқылы 81,0млн. теңгенің 18 жобасы және екінші деңгейлі банктер арқылы 101,0 млн. теңгенің 10 жобасы, барлығы 487,0 млн. теңгеге 107 жоба қаржыландырылды.

 

Екі шаруа қожалығына инфрақұрылымды жеткізіп беру аясында электр желісімен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 64,0 млн.теңге бөлінді.

Ауданның 3,0 млн.гектар жерінің 552,0 мың гектары немесе 18,0 пайызы ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылып отыр.

 

Ауданның жер қорында 32 мың гектар пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер бар. Оны жергілікті шаруалардың алуына толық мүмкіндігі бар.

Орман қоры жерлері 10 жыл мерзімге дейін жалға беріледі.

Мал басына шаққандағы бұрынғы баға 2,5-3 есеге дейін азайды. Қазір 18 шаруа қожалығы 13,0 мың гектар жерді 10 жылға жалға  алып отыр. Олардан былтырғы жылы 1,1 млн. теңге қаржы түсті.

9-слайд.

Есепті кезеңде 143,0 млн. теңгенің көлік қызметі көрсетілді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда24,0 пайызға артық.

Көлік қатынасы күннен-күнге артуда. Сондықтан,Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларына қатынайтын жолаушыларға қолайлы жағдайлар жасау мәселесі тұр.

Жолдар – өмір желісі. Ауылдың әлеуетін арттыру үшін жолдары жақсы болғаны керек.

 

Ағымдағы жылы жол жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 284,0 млн. теңге бөлінді.

Жанатаста 11, Саудакентте26, Тоғызкентте 1 жөнделеді.

Әбілда, Көкдала,Игілік,Өндіріс,Маятас және Ұйым  ауылдарына кіре беріс жолдар жаңартылады.

 

Жолға қатысты жылда айтылып жүрген мәселенің бірі – Жаңатас-Шымкент бағытындағы Шаян-Шолаққорған арасындағы жолдан Жаңатас қаласына дейінгі 45 шақырым автокөлік жолының жөнделуі болатын.Бұл да шешімін тапты.

Жолдың Түркістан облысының аумағында орналасқан бөлігі, яғни, 24 шақырымы сол өңірдің биылғы жоспарына енгізілді. Оған 1,0 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылды.(РБ-129,4 млн.теңге, ОБ-875,0млн.теңге).

Бұл жобаның іске асырылуына тікелей ықпал еткені үшін облыс әкімі Асқар Исабекұлына алғысымызды білдіреміз. 

Жолдың «Еврохим» компаниясы жалға алып отырған 8 шақырымы осы компания арқылы қанағаттанарлық жағдайға келтірілді.

Қалған 13 шақырым бөлігінің тозығы жетіп тұр.

Бұл бағыттағы жол қатынасы аудан экономикасын өркендетуге, жолаушылар мен жүк тасымалын жақсартуға және шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлкен серпіліс беретіні белгілі.

Осыны ескере отырып, аталған жолға орта жөндеу жұмыстарын жүргізуді «Казфосфат» компаниясынан сұрадық.

Болмаса ауданның коммуналдық меншігіне алып, кезең-кезеңімен жөндеуге ұсыныс бердік.

 

10-слайд.

Өткен жылы жалпы алаңы 17792 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 27,0 пайызға артық.

Жалпы 315 пәтер берілді. Оның 178 пәтерін көп балалы аналар алды.

Пәтерді жалға беру көп. Үй сұрап келгендердің барлығы «жалдап тұрып жатырмыз» дейді. Айтуларынша жалдау құны айына 25,0 мыңнан 50,0 мың теңгеге дейін.

Ал, мемлекеттік кірістер басқармасында жалға берілген пәтер ретінде Жаңатас қаласы бойынша 9 пәтер ғана тіркеліп тұр.

 

Коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегіне 1900-ден астам адамтізімге алынған. Кезек барған сайын ұлғайып келеді.

Кейінгі талаптар бойынша көпбалалы отбасылардың тізімі бөлек қалыптасты.

Яғни, осы санаттағы отбасыларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерді бірінші кезекте алу құқығы берілді.

Аталған жеңілдіктерді пайдаланғысы келген басқа елді мекендердің тұрғындары Жаңатас қаласына мекен-жай тіркеуін ауыстырып, кезектегілердің санын арттырып отыр.

Өздерінің тұрғылықты мекен-жайы ауылдық жерлерде.

Жұмыс орыны немесе шаруашылығы да, сол сияқты балаларының оқу орындары да ауылда.

Бұл тұрғын үйге шын мұқтаж отбасылардың наразылығын тудыруда.

11-слайд.

Тұрғын үйлерді жаңғырту жалғасады. Бұған дейін жөнделген 6 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге жұмсалған қаржының қайтарымы 70,0 пайыз (Қайтаруға жататыны 79,9 млн. теңге, қайтарылғаны 56,5 млн. теңге).

Биыл кондоминиум нысаны ретінде тіркелген 3-38 және 6-15 көпқабатты тұрғын үйлеріне қайтарым қаражаты есебінен жөндеу жүргізіледі.

Тағы 13 көпқабатты тұрғын үйден келісім парақтарыжиналып, тиісті хаттамалар жасалды. Қазір қажетті қаржы қарастырылуда.

 

«Гүл мен ағаш майысып қарағанда, сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су». Жасыл желек көшенің көркі.Елді мекендерді көгеріштендіру жалғасады.

Биыл 70,0  мың түп тал егілетін болады. Оның ішінде 60,0 мың түп әртүрлі талдар,10,0 мың түп жеміс ағаштары бар.

Бұған аудандық бюджеттен 31,0 млн. теңге бөлінді.

Жаңатаста «Бүркітті» өзенінің бойы тазартылады.

Ауылдық  елді  мекендерде  және  Жаңатас  қаласында қираған  ғимараттардың  орындары тегістеледі.

Тазалыққа қатысты жаңа талаптар енгізілді. Қалдықтарды шығару мен әкетудің тарифтері жаңадан бекітіледі.

12-слайд.

Қазір Жаңатаста қалдықтарды шығаруға 5 арнайы техника жұмылдырылған. 2 жүк көлігі, 3 трактор бар.

Биыл тағы қоқыс шығаруға арналған 1 арнайы техника аламыз.

 

Көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары пакеттерді терезеден лақтырмай қоқыс алаңына қарай лақтыруды үйреніп қалды. Енді контейнердің ішіне лақтыруды үйренеміз.

Үйренгісі келмейтіндер үшін ірі-ірі 5 қоқыс алаңдарының үстіне бейнебақылау қоямыз.

Қоқыс шығару мәдениетін біртіндеп қалыптастырамыз.

 

Барлық қоқыс алаңшаларының құжаттары реттелді.

Мемлекеттік актілері алынды. Қаланың полигоны заңды түрде пайдалануға берілетін болады.

Ауылдардағы 22 полигонның экологиялық рұқсаттары рәсімделіп бітті.

Енді қоршауға қаржы бердік. Полигондарды қарапайым шарбақпен қоршаймыз.

13-слайд.

Көп қабатты үйлердегі тазалық, есіктің алдын көгеріштердіру, тұрақты тұратындар және пәтерді жалға алғандармен жұмыс жүргізу үшін қоғамдық ақылы жұмыс арқылы 20 адам белгіленді.

Олар 89 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүліктерін күтіпұстауды ұйымдастыратын болады. Жарық, жылу, ауыз сужәне кәріз жүйелеріне қатысты проблемаларды реттеуге көмектеседі.

 

Сол сияқты, «Таза аула», «Үлгілі көпқабатты тұрғын үй», «Үлгілі жетекші» номинациялары бойынша байқау өтеді.

Жеңімпаздар марапатталады.

Біраз үйлердің алдына топырақ төгіп береміз.

24 көпқабатты үйдің алдына 23 жарық бағаналары орнатылады.

14-слайд.

26 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Арыстанды, Қызылдихан ауылдарында жаңа су жүйесі қосылды. Өткен жылы басталған Игілік-Өндіріс топтастырылған ауыз су жүйесі биыл аяқталады.

Жаңаталап, Ұйым ауылдарының су жүйелері құрылысына ұсыныс берілді. Жобаның құны 610,0 млн. теңге. Жұмыстар осы жылы басталуы керек.

Жайлаукөлдегі су құбыры аудандық бюджеттің есебінен жаңартылады. Бұған 22,0 млн. теңге бөлінді.

 

Қыс маусымындағы өзекті мәселе – жылу мен судың уақтылы берілуі.

«Жаңатас Су-жылу» кәсіпорны қалыпты жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорынның алдыңғы жылғы қарыздары ретке келтіріліп, 2019 жылды аз да болса табыспен аяқтады.

 

Жылу маусымына қажетті 11,0 мың тонна мазут алуға жоғарғы бюджеттен 1,1 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңға 6844 тонна мазут алынды.

Бюджеттік мекемелерге 7,6 мың тонна көмір және 287 тонна жанар-жағар май жеткізіліп берілді.

15-слайд.

Өткен жылы Шаян-Жаңатас бағытындағы «Жаңатас қаласына және «ЕвроХим-Қаратау»компаниясы химиялық кешеніне дейінгі жоғарғы қысымды газ құбырының құрылысы» жобасы басталған болатын.

Мердігер компаниямен 1,4млрд. теңгенің жұмыстары жасалды. Жобаны жалғастыруға биыл 4,4 млрд. теңге бөлініп отыр.

Одан кейін ауданның 14 елді мекені 2020-2022 жылдары  кезең-кезеңмен (Жаңатас, Саудакент, Сыздықбаев, Ақтоғай, Бүркітбаев, Үшбас, Арыстанды, Өндіріс, Игілік, Жаңаталап, Ұйым, Жайылма, Қызылдихан, Маятас) газдандырылады.

Бұған биылдан бастап қаржы бөліне бастайды.

Газ біз үшін алыстағы арман болып көрінуші еді. Шүкір. Басталды.

 

4 елді мекенде (Тоғызкент, Досбол, Майлыкөл, Әбілда ауылдары) табиғи газ бар.

Облыс әкімінің тапсырмасымен «Жамбыл жылу» кәсіпорны тиімді бағаға, яғни, 95,0 мың теңгеден әр үйге, барлығы 4 ауылдағы 270 үйге газ құбырын жалғап берді.

Газ құбырларына техникалық қызмет көрсетуге ағымдағы жылға арналған аудандық бюджеттен 31,0 млн. теңге қаралды.

Қазір мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

 

Табиғи газ келгенше газ баллондарын пайдалану жалғаса береді. Күніне 1,5-2,0 тоннадай сұйытылған газ сатылады.

Бұл жерде басты мәселе – қауіпсіздік шаралары.

Газ пайдалану тәртібі туралы аудандық газетте жарияланды. Тұрғындарға 7550 дана жеке ескерту парақтары берілді.

 

16-слайд.

Ауданда электр қуаты тұрақты беріледі.

Бірақ, елді мекендерде электр желілерінің тозығы жеткен.

Қыс маусымы басталғалы бері ауылдарда электр жарығы 20 мәрте өшті.

Әсіресе, Қамқалы ауылдық аймағында, Түркістанда жарықтың сөнуі жиі орын алды.

Электр желілерінің басым бөлігі жаңартуды қажет етеді.

 

Байланыс саласы жылдан-жылға дамуда.

Былтырғы жылдан бері Жаңатас қаласы мен 6 елді мекенге(Саудакент, Тоғызкент,Ұйым,Өндіріс,Жайылма,Ақтоғай)оптикалық талшықты желілер жүргізіліп басталды.

Желілер толық қосылғаннан кейін Интернет желісінің жылдамдығы 10 есеге дейін артып, 100 мбит/с-ке дейін жететін болады.

Ұялы телефон байланысының сапасы артады.

17-слайд.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 3,2 млрд. теңгенің салықтары мен басқа да міндетті төлемдер түсті.

Бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 10,0 пайызға артық.

 

Аудандық бюджеттің кірістер бөлігі 14,0 млрд. теңге болып, жоспар артығымен орындалды.

Бюджет қаражаты толық игерілді.

 

Өткен жылдың бюджетінен барлық салалардағы жасалған ықшамдаулар нәтижесінде 137,0 млн. теңге үнемделді.

Осының есебінен Абай мектебінің жанынан 25 балаға арналған интернат ашылды.

Абылайхан мектебінің сыртқы қоршауы жасалды.

2 трактор қосалқы бөлшектерімен жәнеЖаңаталап ауылдық округі әкімінің аппаратына жаңа ғимарат алынды.

Қалада жарықтандыру мен ішкі жылу жүйелері жөнделді.

18-слайд.

Халықты әлеуметтік қорғау үнемі назардағы мәселе.

2019 жыл ішінде жұмыспен қамту уәкілетті органына             2472 адам жұмыс сұрап өтініш білдірді.

Тұрақты жұмыс орындарына 1820 адам орналасты.

Әлеуметтік қорғау шараларымен барлығы 2864 азамат қамтылды.

 

Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздардың саны 557 адам.Оның ішінде ауыл тұрғындары 376.

Жыл бойы барлығы 13942азаматқашамамен 1,4 млрд.   теңгеге жуық түрлі әлеуметтік жәрдемақы төленді.

 

Субсидиялар, қайтарымсыз гранттар, мектеп жасындағы балалар үшін берілетін көмектер, жалпы көмектердің барлық түрін қосқанда 2,0 млрд. теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалды.

Бұл қаржыға 4 көпқабатты үй жөндеуге немесе кемдегенде 50 көшені орта жөндеуден өткізуге болады. Осы мысал арқылы ғана мемлекет тарапынан жасалып жүрген көмектердің қаншалықты ауқымды екендігін көруге болады.

 

Жаңадан беріліп жатқан жәрдемақы отбасылық кіріске қарамастан барлық көпбалалы, яғни, 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі.

 

19-слайд.

Аз қамтылған отбасыларды анықтайтын ең төменгі күнкөріс шегінен 70,0 пайыздық өлшемшарт сол күйі қалады.

Отбасының әрбір мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен ең төменгі күнкөріс шегінің 70,0 пайызы арасындағы айырма ретінде анықталады.

 

Бүгінгі таңда 474 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 41,0 млн. теңге төленіп берілді.

Осы отбасылардағы 1-6 жас аралығындағы 569 және 6-18 жас аралығындағы 726 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетке ие болады. Бұл мақсаттар үшін 95,0млн.теңге қаржы қаралып отыр.

 

Айта кететін талаптардың бірі – еңбеккеқабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады.

Көмек алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіптің түрін үйрену ұсынылады.

 

«Егіннің ебін, сауданың тегін, үйреніп, ойлап, мал ізде». Осылайша «масылдықтан» арылу ынталандырылады.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында есепті кезеңде 91 маманға 17,0 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленді.

30 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 91,0 млн. теңге бюджеттік несие берілді.

20-слайд.

Несиегетұрғын үй алып жатқан кейбір жастар қарыздарын өтемей жатады.

Бағдарлама басталғалы бері 246 жас маман үй алуға 635,0 млн. теңге несие алған болса, оның ішінде 101 жас маман 37,0 млн.теңге қарызын мерзімінде өтемеген.

Несиені уақытында төлемегендердің барлығына ескерту берілді. 53  маманның ісі сотқа өткізілді.

 

Бюджет шығыстарының басым бөлігі білім саласына жұмсалуда. Өткен жылы білім мекемелерін қаржыландыруға 8,5 млрд. теңге бөлінді.

Ұстаздардың жалақысының 25,0 пайызға ұлғаюына байланысты республикалық бюджеттен 839,0 млн.теңге қаралды.

Саланың материалдық-техникалық базасы жаңаруда.

3 IT сынып, 10 арнайы кабинет, 6 робототехника сыныбы, 1технопарк алынды. Мектептер қосымша 255 компьютермен толықты.

 

Осы жылы оқушыларға тағы 100, мұғалімдерге 100 компьютер алынады.

Модификациялық кабинет, робототехника және IT сыныптары үшін 120,0 млн. теңге бөлінді.

 

Жаңаталап орта мектебі, Саудакент ауылындағы «Ақбота» балабақшасы күрделі жөндеуден өтеді.

21-слайд.

1-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы 90,0 пайыз. 3-6 жас аралығындағы 1970 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

Бүгінде 335 бала балабақша кезегінде тұр.

Өткен оқу жылына қарағанда осы оқу жылында мектепке 244 бала артығымен келді.

 

Мектептердегі 8877 оқушының 2379-ы спортпен шұғылданады. 5150 оқушы мектептен тыс үйірмелерге қатысады.

Биыл барлық мектептер, яғни, білім беру мекемелерінің ішіне, сыртқы аулаларына толығымен бейне бақылау камералары  орнатылады.

Бұған аудандық бюджеттен 43,0 млн.теңге бөлінді.

 

22-слайд.

Елдің келешегі –денсаулық пен салауаттылықта.

Қазір халық саны 44,0 мыңнан асты. Өткен жылы 874 нәресте дүниеге келді.

Сары ауру(гепатит), қатерлі ісік аурулары деңгейі төмендеді. Ана өлімі тіркелген жоқ.

 

Жаңаталап пен Маятас ауылдарында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді.

3 жедел жәрдем автокөлігі алынды. Оның 1-і демеушілер есебінен берілді.

Емдеу мекемелеріне 8 жас дәрігер жаңадан жұмысқа келді.

Саудакент ауылындағы аурухананың пайдаланылып тұрған бөлігін жөндеуге жобалық-сметалық құжат жасалды.

 

 

«Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын». Ауырмаудың жолы қозғалыс, денені шынықтыру және спортпен айналысу.

Дұрыс тамақтану, салауатты өмір сүру ұстанымын қалыптастыру – пайдалыіс.

23-слайд.

Бізде 80 спорт нысаны бар. Былтырғы жыл ішінде 336 спорттық іс-шаралар өткізілді.

Спорттық іс-шараларға тұрақты қатысып жүргендердің саны артып келеді.

Халықаралық және елімізде өткізілген додаларда аудан спортшылары 450 медаль алды (105 алтын,109 күміс, 236 қола).

 

Ұйым орта мектебіне жаңадан спорт зал салынды.

Жалпы жаңадан 10 спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Биыл тағы 5 спорт алаңшасы қосылады.

Саудакентте 262,0 млн. теңгеге спорт кешенінің құрылысы жүргізіледі.

Жаңаталап орта мектебіне спорт зал салынады.

 

Жаңатас қаласының кіре берісіне «Жастар» спорттық-сауықтыру кешенін салуға жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Кешенде көлемі 288,0шаршы метр су бассейні болады.

Ішкі жаттығу залдарынан бөлек сыртында волейбол, баскетбол, кіші футбол алаңшалары жасалады.

Нысанда бір мезгілде 100-ден астам адам жаттығатын болады.

24-слайд.

2019 жылы біздің өңір үшін айтулы мереке – облыстың 80 жылдығы және аудан халқы ерекше қуанышпен қарсы алған Жаңатас қаласының 50 жылдығы аталып өтті.

«Жаңатас дастаны» атты тарихи-танымдық, деректі жинақ жарық көрді.

Онда Қаратау аймағының өткен тарихы, табиғаты, топонимикалық атаулары туралы мәліметтер топтастырылды.

Қаланың құрылуына негіз болған комбинаттың, ондағы еңбек озаттарының даңқты жолдары кеңінен баяндалды.

 

Биыл түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама – Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150 жыл.

Ұлы ақынжазба қазақ әдебиетініңнегізін қалаушы АбайҚұнанбаевтың туғанына 175 жыл.

Биылғы мәдени-көпшілік іс-шаралардың барлығы Әл-Фараби мен Абайдың ілімін насихаттауға арналады.

 

Ықылас Дүкенұлының Қуаралдағы кесенесін жаңарту жоспарда бар. Мәйкөт Сандыбайұлының шығармашылығын кеңінен таныту қолға алынып отыр.

25-слайд.

«Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос».

Осындай нақыл сөздерге арналып тақырыптық кездесулер ұйымдастырылады.

Мәдениет арқылы ұлттық діл, ұлттық мінез қалыптасады.2019 жылы осы салада барлығы 922 мәдени іс-шаралар өткізілді.Аудан өнерпаздары түрлі өнер сайыстарында жүлдегер атанып жүр.

 

Тіркеуде 25 үкіметтік емес ұйым бар.

Олардың 19-ы қоғамдық бірлестік, 2-і қоғамдық бірлестіктің филиалы, 4-і қоғамдық қорлар.

 

Жалпыүкіметтік емес ұйымдарды қолдау, яғни, қаржыландыру жұмыстары тұрақты дамып келеді.

Бұл бағытта өткен жылы 9 әлеуметтік жобаға аудандық бюджеттен 3,6 млн. теңге қарастырылған. Биылғы жылы 5 әлеуметті жоба үшін6,6 млн. теңге көлемінде мемлекеттік тапсырыс жоспарланып отыр.

 

Ардагерлер кеңесі мен Қоғамдық кеңес, Алқабилер алқасы арнайы кабинеттермен жабдықталды.

 

Аудандық «Сарысу» газеті Д2 форматта газет атауын латын әліпбиінде шығара бастады.

Оқырмандардың сұранысы бойынша газеттің жазушрифті ұлғайтылды.

Аудан халқы аудандық, облыстық, республикалық жаңалықтармен кеңінен танысуда.

Қазіргі таңда екі тілде аралас шығатын газеттің оқырмандар саны артып келеді.

 

Облыс әкімі Асқар Исабекұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Елдік – елге байланысты» атты форумда көтерілген мәселелерді жүзеге асыру, ысырапшылдықтың алдын алу шаралары жалғасады.

26-слайд.

Аудандағы қылмыстық жағдай қуанарлық емес.

Өткен жылы240 қылмыс тіркелді.

Оның ішінде 70-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18 фактіге өсіп отыр.

Қылмыстың ашылу деңгейі 82,0 пайыз.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1725 азаматқа           15,0 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Қылмыстың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 16 рет профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Патрульдік полиция экипажы күшейтілді.

Қаладағы учаскелік полиция пункттерін жөндеуді бастадық.

Үлкен көшелердің қиылысы мен қаладан шыға беріс 6 жерге «УРАГАН» бейнебақылау кешенін орнату жоспарланды.

27-слайд.

Қоғамның тыныс-тіршілігі мен тұрғындардың күнделікті мәселелері азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары арқылы талданып отырады.

2019 жылы аудан әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан  988  өтініш келіп түскен.

Аудан әкімінің жеке қабылдауы аптасына бір мәрте өтеді. Қабылдауға 454 азамат келді.

Келгендердің көпшілігі негізінен пәтер және тұрғын үй алу, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш білдірді.

Бүгінгі кездесуге дейін барлық ауылдық округтерде есеп беру жиындары өтті.

Жергілікті жерде түскен сұрақтарға сол жерлерде жауап берілді.

Барлық сұрақтар тізімге алынды. Олардың орындалғаны немесе орындалмағаны туралы жоспарлы түрде көпшілікті хабардар ететін боламыз.

 

Ардақты ағайын!

Биыл жаңа форматтағы «Аумақтарды дамыту бағдарламалары» әзірленуде.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

 

Осы қоғамдық-саяси шараларды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жоспарларды жүзеге асыруда баршамыз бірге болайық!

 

Назарларыңызға рахмет!