Аудан әкімі аппаратының басшысы

Жарықбасов Жуаныш Қалықбергенұлы

img_9578

Жарықбасов Жуаныш Қалықбергенұлы 1988 жылы  14 сәуірде Жамбыл облысы Сарысу ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін 2009 жылы қаржы мамандығы бойынша бітірген.

2009-2010 жылдары әскер қатарында борышын өтеген.

Еңбек жолын 2010 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде статистик болып бастаған.

2011 жылы Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Сарысу ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, 2011-2012 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық, кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, 2012 жылы аудан әкімінің көмекшісі, 2012-2015 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, 2015-2016 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2016 жылдың ақпан айынан бастап Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы.

«Сарысу ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен, «Талас ауданына 90 жыл» мерекелік медалімен, «Д.А.Қонаев» медалімен, «Жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл» мерейтойлық төс белгісімен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Жамбыл облыстық салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, Сарысу аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.