Басқосу өз деңгейінде өтті

Ақпан 11, 2019

Жыл сайынғы барлық әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері жергілікті жерлердегі мәселелерді анықтауға және оларды шешуге бағытталған.

Кездесуде халық тарапынан көтерілген мәселелер мен ұсыныстар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына сәйкес шешіліп келеді.Осындай басқосу Түркістан ауылдық округі Ә.Бүркітбаев ауылындағы ауылдық клуб үйінде болып өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев, аудан әкімдігі бөлімдерінің және мекеме басшылары, бас мамандары, ауыл тұрғындары, шаруақожалық төрағалары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауылдық округ әкімі Дүйсенәлі Борсықов өткен жыл ішінде ауылдық округте атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті. Ауыл әкімі өз есебінде Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы  жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында және өңірге келген кезде берген тапсырмаларына  және Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалаларын жүзеге асыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқандығын, ауылдық округ тұрғындарының да Елбасы Жолдауын, бағдарламаларын ерекше ықыласпен қабылдап, қолдайтындықтарын айтып өтті.

Сондай-ақ, Түркістан ауылдық округіне қарасты елді мекендерінде 249 аулада, 355 отбасы, 1327 адам есепте тұратындығын, тұрмысы төмен отбасыларына ауылдық округке қарасты шаруақожалықтары тарапынан ұдайы көмек көрсетіліп жатқандығын жеткізді.

Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы арқылы  қоғамдық жұмыстарға жасалған жолдамаға сәйкес, ауылдық округте санитарлық тазалық, күл-қоқысты тазалау, көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 7 адам жұмысқа тартылғандығын, ағымдағы жылы Үшбас ауылына «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабы салынып, Ә.Бүркітбаев ауылының спорт алаңшасы қосымша жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ә.Бүркітбаев ауылы, Қ.Қосымбеков көшесіне 0,550 шақырым жолға асфальт жабындысы төселіп, Ә.Бүркітбаев ауылында орналасқан клуб үйі күрделі жөндеуден өткізілген. Жаңатас қаласы мен Ә.Бүркітбаев ауылы арасындағы 12 шақырымның ойылған жерлеріне жамау жұмыстары жүргізілген. Ауылдық округке қарасты 3 ауылдың арнайы қоқыс тастау алаңының мемлекеттік актісі мен техникалық төлқұжаттары жасалынып, әділет басқармасынан тіркеуден өткізілді. Ал, Арыс-танды ауылында «Ауыз су» құрылысына құрылыс жұмыстары басталғандығын айтып өтті.

Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі Балабек Жанбекұлы Нарбаев «2018 жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттері туралы» есепті баяндамасын жасады.

– Өткен 2018 жыл еліміз үшін табысты да берекелі жыл болып, мемлекетіміз экономикада, саяси жүйеде, әлеуметтік секторда елеулі реформаларды жалғастырды. Еліміздің даму қарқынының одан әрі жемісті жалғасын табуы Елбасының дер кезінде қабылдаған шешімдері мен ел алдына қоя білген айқын бағыт-бағдарының нәтижесі.

Осындай жүйелі бағыт-бағдардың негізі ретінде Елбасының бес әлеуметтік бастама туралы Үндеуі Тәуелсіздігімізді баянды ету жолындағы маңызды қадам деп санаймыз. Үндеуде көтерілген әлеуметтік жобалар әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталғаны көпшіліктің көкейінен шықты. Президент бас-пана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды. Мәселен, «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын жүзеге асыру көптеген әлеуметтік, отбасылық мәселелердің шешімін табуға септігін тигізері сөзсіз.

2018 жылдың 5 қазандағы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Жолдауының мән-маңызы ерекше. Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын айқындап бергендей. Қазақстанда 100 спорт кешені бой көтереді. Салауатты өміріміз үшін, мәнді де сәнді тірлігіміз  үшін көпұлтты халықтың қамын ойлаған Елбасы медицинаға, спортқа аса мән беріп отыр. Сол секілді баспаналы болуды аңсайтын тұрғындар үшін «7-20-25» бағдарламасы көңілге қонымды.

Елбасы ел назарына әркез жас буын-жастар өкілдеріне қажетті бағдарламалар мен бастамаларды ұсынды. 2019 жылды «Жастар жылы» деп бекітті. Қазіргі уақытта қай салада болмасын жастарға арналған кешенді бағдарламалар оң нәтижесін беруде.

Өткен жылдың соңында Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы қоғамда қызу талқыға түсіп, көптің көңілінен шыға білді. Бұл бағдарламалық мақала «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы іспеттес. Мұндай мақаланы стратегиялық құжат десекте болады. Бұл бір, екі күннің мәселесі емес, ұзақ жылға арналған бағдар.

«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы уақыт талабына сай, еліміздің саяси, мәдени, рухани өмірінде дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берген құнды пікірімен ерекшеленеді. Мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарына қайрат, жігер беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашатыны күмәнсіз. Өйткені тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.Ендігі кезекте бізге артылған үміт пен сенім мол, атқарылатын істер де зор болуы тиіс деп ойлаймын,-деген аудан басшысы медицина, білім, спорт, мәдениет салаларына да тоқталды. Мал шаруашылықтарына кеңінен тоқталып, жеткен жетістіктерді атап өтті.

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жұмыстары басталғалы аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылып, аудан тұрғындарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы мәрте-бесін анықтау жұмыстары да маңызды мәселенің бірі болып келгендігін ерекше ескертті.

Ал, елімізде 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен адамдар үшін Бірыңғай жиынтық төлем енгізілгендігін, бұл төрт салық түрі: жеке табыс, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына, зейнетақы қорына аударылатын төлемдерді бір мезгілде төлеу тетігі болып табылатындығын, бұған Қазақстан тұрғындарының бар-лығы міндеттелгендігін атап өтті.

Есепті қорытындылай келе, аудан басшысы ауылдық округ әкіміне ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысын жандандыру, өндірістік кооперативтеріне сүт өндейтін қондырғыларды орнату, мал сою пункттерін салу, ауылдық округтердегі клуб үйлерінің жөндеу жұмыстарын мемлекеттік жекеменшік әріптестік (ГЧП) арқылы жүргізу және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың мәртебесін анықтау бойынша жұмыстарды аяқтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің арнайы сараптама қорытындыларының болуы, тиісті құжаттарын рәсімдеу, айналасын қоршап ретке келтіру, тиісті тақтайшаларының орнатылуы, өзіндік кіріс көздерін арттыру бойынша айыппұл салу мәселесін қолға алу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің электрондық картасын қалыптастыру, пайдаланбай жатқан егістік жер көлемін анықтау мәселесі бойынша аяғына дейін жеткізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді игеру, суармалы жердің көлемін ұлғайту, аудан аумағындағы елді мекендердің әкімшілік-аумақтық құрылымдарының шекарасын орналастыру сияқты тапсырмаларын берді.

-Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекетімізді өркендету жолында Елбасы айқындаған стратегиялық бағытты әрдайым ұстансақ, ұлы істерді,  жетістіктерді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жалғастырарымыз ақиқат. Бұл-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті. Алдағы уақытта атқаратын жұмыстарымызды үлкен ұйым-шылдықпен, ауызбіршілікпен атқарамыз деген сенімдемін.

Тұрақтылық пен даму жолындағы игі істерде бірге болайық деп, аудан әкімі баяндамасын аяқтады.

Ауыл және аудан әкімдерінің есепті баяндамаларына қанағат-танарлық деген бағаларын берген ауыл тұрғындары ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Камели Сүлейменова, «Сарысу»

Қала және аудан әкімі есеп беруде