«Ырыс» (сүтті-тауарлы фермаларды дамытуды) қаржыландыру бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты: ІҚМ 50 бастан 100 басқа дейінгі сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту.
Мақсатты топ: шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.
Мақсатты бағыттау:
– сүтті бағыттағы ІҚМ асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу;
– инвестициялық салымдарда ауыл шаруашылығы кешені субъектілерінің субсидиялау бойынша шығындардың бөлігін қайтару Ережесіне сәйкес, субсидиялауға кіретін қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен сүтті-тауарлы фермаларға арналған құрал-жабдықтарын сатып алу;
– жалпы көлемі қарыз сомасының 15% аспайтын айналымдық капиталын толықтыру.
Қарыздың максималды сомасы: 60 (алпыс) миллион теңгеге дейін.
Сыйақы үстемесі:
– жылдық 4% – сыйақы үстемесін субсидиялаумен, жылдық 11% – сыйақы үстемесін субсидияланбаған жағдайда.
Тиімді сыйақы үстемесі:
– сыйақы үстемесін субсидиялаумен жылдық 4,1% аспайды, сыйақы үстемесін субсидияланбаған жағдайда 11,7% аспайды.
Қарыз/лизингтің мерзімі:
– 84 (сексен төрт) айға дейін;
– айналымдағы капиталды толықтыруға 24 (жиырма төрт) айға дейін.
Негізгі борышты өтеу мерзімділігі: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бір рет/ жылына бір рет, жартылай/ толық қайтару мүмкіндігімен.
Сыйақыны өтеу мерзімділігі: жиналған сыйақы көлемін несиелендіру мерзімі кезіндегі нақты қолданылған уақытты ескере отырып, ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда 1 рет төлеу мүмкіндігімен.
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім:
24 (жиырма төрт) айдан аспайды;
– айналымдағы капиталды толықтыру үшін қарыздар бойынша 12 (он екі) айдан аспайды.
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім:
– 12 (он екі) айдан аспайды;
– айналымдағы капиталды толықтыру үшін қарыздар бойынша 6 (алты) айдан аспайды.
Қамту: Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес.
Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
– төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық;
– несие өтінішін берген/ қаралған күніне бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
– соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
– жағымды несиелік тарихы (несие тарихы болса);
– мал ұстауға қажетті инфрақұрылымның болуы (елді мекеннен тыс жер телімінде орналасқан электр, сумен қамтамасыз етілген сүтті-тауарлы миниферма):
– жем–шөп базасымен қамтылу (жайылым, егістік, шөп шабатын жерлердің болуы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы келісім-шарттар бойынша);
– шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық сау жағдайының болуы;
– өзіндік ІҚМ аналық басының болуы, несие қаржысына сатып алынатын мал санына арақатынасы 1: 5;
– менеджмент пен сүтті–тауарлы фермаларда контроллингті ұйымдастыу негіздерін оқу туралы сертификатының болуы, немесе штатта зооветеринария маманының болуы.
Жобаға қойылатын талаптар:
– сатып алынатын мал сүтті бағытты болуы тиіс;
– сатып алынатын асыл тұқымды сүтті ірі қара малдың жасы жабдықтаушыда карантинге қойылған уақытта: тайыншалар – 12 айдан 18 айға дейін (қоса есептелгенде), құнажындар – 26 айға дейін (қоса есептегенде) болуы тиіс;
– ІҚМ 50-ден 100-ге дейін аналық мал басына арналған, құрылған сүтті – тауарлы миниферманың болуы; ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ұсынылған талаптарына сәйкес;
– электр қамтудың қосымша көзінің (тиісті қуаттылықтағы дизель-генератор) және малды суаратын су қоймасының болуы;
– сиырларды еркін жайылатын алаңдары бар мал қорада ұстау;
– меншіктегі және сатып алынатын малдың идентификациялауы, ауыл шаруашылық малды идентификациялау ережелеріне сай (таңбалау, белгілеу және т.б);
– жеке ветеринардың болуы немесе ветеринария саласында аттестациядан өткен кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан ветеринарлық қызмет алуы шарт;
– сүтті асыл тұқымды бұқа-өндірушінің аналық мал басына 1:30 арақатынасымен болуы немесе қолдан ұрықтандыруды өткізу туралы мамандандырылған ұйымдармен келісім – шарттың болуы;
– меншіктегі асыл тұқымды бұқа – өндірушілер сүтті тұқымды болуы керек, асыл тұқымдылығын дәлелдейтін куәлік пен ветеринарлық паспорт болуы керек;
– қолдан ұрықтандыруда сүтті асыл тұқымды бұқаның тұқымы болуы керек;
– несиелеудің толық мерзімі бойынша аналық мал басының саны қарыздық қаражатқа сатып алынған мал басы санына тең сақталуы тиіс;
– сүт өнімдерін қабылдайтын ұйымдар мен кемінде 1 жылға өнімді өткізу туралы келісімшарт болуы керек, бұл шартты Қарыз алушы бір ауысымда  500 литр сүтті өңдей алатын құрал –жабдығы болып сүт өңдеумен өзі айналысқан жағдайда орындамауға құқылы;
– құрал-жабдықтарды, техниканы, сүтті ІҚМ аналық мал басын жеткізушілермен ниет туралы  келісім-шарттардың болуы.