Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23қаңтардағы Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген)сәйкесСарысу ауданы әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
  2. «Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулының Сарысу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулыныңорындалуынбақылауаудан әкімінің орынбасары
    Көкей Олжас Тұрғынұлына жүктелсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                              Б. Жайлыбаев  

 

 

 

Сарысу ауданы әкімдігінің

2016 жылғы ___ қыркүйектегі

№ ____ қаулысына қосымша

 

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімдіұсыну мерзімдері

 

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары Өтінімдіұсыну мерзімдерінің басталуы Өтінімдіұсыну мерзімдерінің аяқталуы
1. Майлы дақылдар (Мақсары) 20.09.2016 жыл 15.10.2016 жыл
2. Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік   суару жүйелерін

қолдану арқылы

20.09.2016 жыл 15.10.2016 жыл
3. Дәндік жүгері 20.09.2016 жыл 15.10.2016 жыл
4. Көпжылдық шөп (таза егіс) 20.09.2016 жыл 15.10.2016 жыл
5. 2, 3 жылғы көпжылдық шөп 20.09.2016 жыл 15.10.2016 жыл
6. Картоп 20.09.2016 жыл 15.10.2016 жыл