«Саудакент Кредиттік серіктестігі» ЖШС-гі «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламасы бойынша әлеуетті (потенциалный) қарыз алушыларды несиелендіруге құжаттар қабылдайды. Етті тұқымды жас төлдің ұдайы өндірісі үшін ІҚМ аналық басын және асыл тұқымды
Бағдарлама мақсаты | Етті бағыттағы ІҚМ тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету |
Мақсатты топтар | Кредиттік серіктестіктің құрылтайшылары |
Нысаналы мақсаты | – ІҚМ аналық басын, о.і. ІҚМ селекциялық жас төлін және/немесе асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуға КС қатысушыларын кредиттеу үшін; қарыз сомасынан 15% артық емес жалпы мөлшерде негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру. |
Валюта | теңге |
Сомасы | 1 000 000 теңгеден 20 000 000 теңгеге дейін |
Несие желісінің мерзімі | 120 айға дейін |
Несие/транш мерзімі | ІҚМ аналық басын, о.і. ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алу – 120 айға дейін; асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу– 24 айға дейін; негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу– 120 айға дейін; айналым қаражатын толтыру – 24 айға дейін |
Несиелендіру ставкасы | жылдық 14% |
Негізгі борышты өтеу бойынша кезең | ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет төлеуге болады және мерзімінен бұрын бөліп және толық төлеуге болады. |
Сыйақыны өтеу бойынша кезең | ай сайын, тоқсан сайын жарты жылда 1 рет төлеуге болады. |
Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең | асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алу мен айналым қаражатын толтыру үшін – әрбір траншты берген сәттен бастап 12 айдан артық емес; ІҚМ аналық басын, о.і. ІҚМ селекциялық жас төлін сатып алу және негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу үшін – әрбір траншты берген сәттен бастап 24 айдан артық емес |
Кепілзатпен қамтамасыз етілуі | Кредиттік серіктестіктің кепілзат саясатымен бекітілген |
Кредиттік серіктестіктің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар | төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы; теріс кредиттік тарихының болмауы; малды ұстау үшін қажетті инфрақұрылымның болуы; азық базасымен қамтамасыз етілгендік; жайылым алаңдарының, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша болуы; шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық саулықтың болуы (ІҚМ болған жағдайда); саны мал басы жалпы санынан (меншікті және сатып алынатын ІҚМ) 25%-дан кем емес меншікті ІҚМ болуы. Егер меншікті ІҚМ болмаған жағдайда мөлшері сатып алынатын ІҚМ құнынан 25%-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат |
Жобаға қойылатын негізгі талаптар | сатып алынатын ІҚМ аналық басының , оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлінін жасы: 12-ден бастап 48 айды қоса; меншікті немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқалардың міндетті түрде болуы, келесі ІҚМ саны арасалмағымен: 30 аналық басқа 1 асыл тұқымды өндіруші бұқа; Қазақстан Республикасы Үкітметінің 31.12.2009 жылғы № 2331 Қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне (ен басу, биркалау және т.б.) сәйкес қолда бар және сатып алынатын ІҚМ сәйкестендіру; малға арналған бөлу орнының болуы (ІҚМ-мен жеке жұмыс жасау үшін мал айдайтын дәліз); сатып алынатын және қолда бар асыл тұқымды өндіруші бұқаларда асыл тұқымды малдың корточкасы немесе асыл тұқымды және ветеринарлық куәлік болуы тиіс; бордақылау алаңдарына ІҚМ «жас төлін» (бұқалар) жеткізу үшін ниет шартын ұсыну; сатып алынатын ІҚМ аналық басын, оның ішінде ІҚМ селекциялық жас төлін қаржыландырудың мөлшері бір ІҚМ басы үшін 195 000 (жүз тоқсан бес мың) теңгеден аспауы тиіс; асыл тұқымды карточкасы немесе асыл тұқымды куәлігі бар сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші бұқаларды қаржыландырудың барынша көп мөлшері 1 кг тірі салмақ үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңгеден аспауы тиіс. |
Ұсақ малды (бұдан әрі – ҰМ) сатып алу үшін кредиттеу бағдарламасы («АЛТЫН АСЫҚ»)
Бағдарлама мақсаты | Етті және етті-майлы бағыттағы ҰММ тауарлық табынының санын ұлғайтуды қамтамасыз ету |
Мақсатты топтар | Кредиттік серіктестіктің құрылтайшылары |
Нысаналы мақсаты | ҰМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу үшін КС қатысушыларын қаржыландыру. |
Валюта | теңге |
Сомасы | 500 000 теңгеден 30 000 000 теңгеге дейін |
Несие желісінің мерзімі | 84 айға дейін |
Несие/транш мерзімдері | ҰМ аналық басын сатып алу – 84 айға дейін; асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алу – 24 айға дейін |
Несиелендіру ставкасы | жылдық 14% |
Негізгі борышты өтеу бойынша кезең | ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет төлеуге болады және мерзімінен бұрын бөліп және толық төлеуге болады. |
Сыйақыны өтеу бойынша кезең | ай сайын, тоқсан сайын жарты жылда 1 рет төлеуге болады. |
Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең | ҰҚМ аналық басын және асыл тұқымды өндіруші қошқарларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әрбір траншты берген күннен бастап 24 айдан артық емес; айналым қаражатын толтыруға – әрбір траншты берген күннен бастап 12 айдан артық емес. |
Кепілзатпен қамтамасыз етілуі | Кредиттік серіктестіктің кепілзат саясатымен бекітілген |
Кредиттік серіктестіктің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар | төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;теріс кредиттік тарихының болмауы; жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға ЖАО берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы; шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (ҰМ болған жағдайда); саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын ҰҚМ) 30 %-нан кем емес меншікті ҰМ болуы. Меншікті ҰМ болмаған жағдайда, Қарыз алушы сатып алынатын ҰМ санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. |
Жобаға қойылатын негізгі талаптар | сатып алынатын ұрғашы қойдың (ұрғашы тоқтының) жасы 12 айдан бастап 36 айды қоса; сатып алынатын ҰМ аналық басын қаржыландыру көлемі ҰМ бір басы үшін 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден аспауы тиіс; меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын асыл тұқымды өндіруші қошқарлардың болуы, жасы 24 айдан артық, ұрықтандыру өткізу тәсіліне байланысты ҰМ санына арасалмағымен: ерікті шағылысқанда – 30 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар; қолдан шағылыстырған кезде – 50 бас ұрғашы қойға 1 асыл тұқымды өндіруші қошқар; жасанды шағылыстырған кезде – 500 бас ұрғашы қойға 10 асыл тұқымды өндіруші қошқар; Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын ҰҚМ сәйкестендіру |
Жылқы шаруашылығын дамытуға арналған кредиттеу бағдарламасы («ҚҰЛАН»)
Бағдарлама мақсаты | Етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету |
Мақсатты топтар | Кредиттік серіктестіктің құрылтайшылары |
Нысаналы мақсаты | жылқылардың аналық басын және асыл тұқымды айғырларды сатып алуға КС қатысушыларын қаржыландыру. |
Валюта | теңге |
Сомасы | 2 500 000 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін |
Несие желісінің мерзімі | 120 айға дейін |
Несие/транша мерзімдері | жылқылардың аналық басын және асыл тұқымды айғырларды сатып алуға – 120 айға дейін |
Несиелендіру ставкасы | жылдық 14% |
Негізгі борышты өтеу бойынша кезең | ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет төлеуге болады және мерзімінен бұрын бөліп және толық төлеуге болады. |
Сыйақыны өтеу бойынша кезең | ай сайын, тоқсан сайын жарты жылда 1 рет төлеуге болады. |
Негізгі борыш бойынша жеңілдікті кезең | жылқылардың аналық басын және асыл тұқымды айғырларды сатып алуға әр траншты беру күнінен бастап 36 айдан артық емес |
Кепілзатпен қамтамасыз етілуі | Кредиттік серіктестіктің кепілзат саясатымен бекітілген |
Кредиттік серіктестіктің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар | төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы; ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы; теріс кредиттік тарихының болмауы; жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша және (немесе) қарыз алушыға ЖАО берген ортақ пайдалану жерлерінің болуы; шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (жылқылар болған жағдайда); саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын жылқылардың) 30 %-нан кем емес меншікті жылқылар басының болуы. Меншікте жылқылар болмаған жағдайда, қарыз алушы сатып алынатын жылқылар санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. |
Жобаға қойылатын негізгі талаптар | сатып алынатын жылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айды қоса; сатып алынатын жылқылардың аналық басын қаржыландыру көлемі жылқының бір басы үшін 350 000 (үш жүз елу мың) теңгеден аспауы тиіс; жасы 24 айдан артық, жылқылар саны 15 аналық биеге 1 өндіруші арасалмағымен меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын өндіруші айғырлардың болуы; Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру. |
Ескерту: «Саудакент Кредиттік серіктестігі» ЖШС-не құрылтайшылар қатарына ниет білдіретін ауылшаруашылық тауарлар өндірушілер 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (198 200 теңге) жарналық төлем төлеуге тиісті.
Мекенжайымыз: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағынаудан, №18 үй, 4 қабат
жұмыс телефоны 8 (726-34) 6-14-50
электронды пошта: kt_saudakent@mail.ru