Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Сарысу ауданындағы мал шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен асыл тұқымды мал сатып алушыларға 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы №103 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысы күшіне енді және шаруалардан субсидия бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдер қабылдау  басталды.

Ескерту: Өтінімдер аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінде қабылданады.

Байланыс телефондары: 6-13-72, 6-35-05

 

 

Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

 

 

 

Мал шаруашылығы саласын бюджеттік субсидиялау нормативтері

 

Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
                                  Ірі қара мал шаруашылығы
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың  аналық мал  басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру бас *
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1. Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу
1) тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың  аналық мал басы бас 18 000
2) асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы бас 20 000
3) жалпы табындарда етті бағыттағы  тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу   бас 104 000
2. Асыл  тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу
1) отандық асыл тұқымды ірі қара мал бас 154 000
2) импортталған асыл тұқымды  ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан)

 

бас 200 000
3) импортталған асыл тұқымды  ірі қара мал (Еуропа елдерінен) бас 154 000
4) импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде) бас 118 000
3. Сиыр етін өндіру үшін мал азығы құнын арзандату
1) 1-деңгей кг 220
2) 2-деңгей кг 170
3) 3-деңгей кг 120
4. Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі  бордақылау алаңдарына өткізу бас 15 000
                                  Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
1) асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы бас 20 000
2. Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу
1) отандық асыл тұқымды ірі қара мал бас 154 000
2) импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан) бас 235 000
3) импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Еуропа елдерінен) бас 154 000
4) импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан) бас 118 000
3. Сүт өндіру үшін мал азығы құнын арзандату
1) 1-деңгей кг 25
2) 2-деңгей кг 15
3) 3-деңгей кг 10
Қой шаруашылығы
1. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу
1) Тұқымдық  түрлендірумен қамтылған  аналық қой басы бас 1 500
2) Асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы бас 1 500
2. Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу бас 8 000
3. Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату:
1) қой еті кг 100
2) биязы жүн кг 130
Жылқы шаруашылығы
1. Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу бас 40 000
3. Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату:
1) жылқы еті кг 92
2) қымыз кг 60
Түйе шаруашылығы
1. Асыл тұқымды түйелерді сатып алу бас 37 000
3. Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату:
1) түйе еті кг 90
2) шұбат кг 55
Марал шаруашылығы
1. Асыл тұқымды маралдарды сатып алу бас 30 000

 

*субсидиялар нормативтері Министрлікпен келісім бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.

 

______________

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды беруге үміткер  тауар өндiрушiлерге  қойылатын өлшемдер мен талаптар

 

Р/с№ Субсидиялау бағыттары Өлшемдер мен талаптар
1. Ірі қара малдың

аналық мал басымен

селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

1. Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және олардың АЖС-да тіркелуі.

2. Ірі қара малдың барлық мал басының АСЖ-да тіркелуінің болуы.

3. Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:

1) зоотехникалық нормативтерге сәйкес етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды шағылыстыру кезеңі бойында және ротациялауда өсімін молайтуға пайдалану  (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем емес, бұқаны қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);

2) оларды өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы тауарлы табынның барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру.

4. Етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал басын өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:

1)  барлық мал басын тиісті тұқым бойынша Республикалық палатасында тіркеу;

2) тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаның немесе тиісті тұқым бойынша

Республикалық палата ұсынған жеке және заңды тұлғалардың консалтингтік сүйемелдеуі;

3) етті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған және  тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда  ұрпағының сапасы және/немесе өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану; сүтті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған және  тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % қолдан ұрықтандыруда пайдалану.

2. Қойдың

аналық басымен

селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу

1. Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың АЖС-да тіркелуінің болуы.

2. Қойдың барлық мал басының АСЖ-да тіркелуінің болуы.

3. Қойдың 600 бастан кем емес аналық  мал басының болуы.

4. Тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:

1) асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды шағылыстыру кезеңі бойында зоотехникалық нормативтерге сәйкес және ротациялауда өсімін молайту үшін пайдалану (шағылыстыру контингентінің отыз басына бір қошқардан кем емес, тұқымдық қошқарды қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық пайдаланбау);

2) өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында табындағы барлық тұқымсыз қошқарларды піштіру.

5. Асыл тұқымды қойларды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:

1) шаруашылық өсіретін қой тұқымы бойынша маманданған бейінді ғылыми ұйымның немесе ғалымның консалтингтік сүйемелдеуі;

2) аналық мал басын өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар ұрығымен қолдан ұрықтандыруды пайдалану және/немесе өсімін молайтуда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды пайдалану;

3) алынған төлдің шығу тегін растау үшін 1:10 қатынасында ДНК-талдауын іріктеп өткізу

(аналық мал басын қолдан ұрықтандыруда пайдаланған жағдайда және осы бағыт

бойынша алғашқы үш жылда өтінім беру кезінде жүргізіледі);

4) қолдан ұрықтандыру үшін техниканың болуы немесе аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды дистрибьютерлік орталықпен бірлесіп жүргізу (қолдан ұрықтандыруды пайдаланған кезде)

3. Тауар өндірушілердің асыл тұқымды және селекциялық  ірі қара малды сатып алуы 1. Сатып алатын ірі қара малдың жасы оларды тауар өндірушіде карантинге қойған сәтте: қашарлар –  18 айдан, құнажындар және бұқалар – 26 айдан аспайды.

2. Зоотехникалық қырылу  нормасының шегінде өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды – кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану (жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды есепке алмағанда).

3. Табынды өсімін молайту үшін сатып алынған ірі қара малды тек Қазақстан Республикасының аумағында үш жыл ішінде пайдалану.

4. Асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:

1)  тиісті тұқым бойынша Республикалық палатаны немесе тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған жеке және заңды тұлғаларды консалтингтік сүйемелдеу;

2) етті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда  ұрпағының сапасы бойынша және/немесе өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;

3) сүтті мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % қолдан  ұрықтандыруда пайдалану

Тауар өндірушілердің асыл тұқымды қойларды, 1. Сатып алынатын асыл тұқымды малдың жасы шартты жасасқан сәтте мынадай жастан аспайды:

қойлар:       тұсақтар – 18 айға дейін;   қошқарлар  – 18 айға дейін;

4. жылқыларды,

түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алуы

жылқылар: байталдар –  3 жасқа дейін ; сәуріктер –  5 жасқа дейін;

түйелер: аналықтар – 3 жасқа дейін;  аталықтар –  5 жасқа дейін;

шошқалар: аналықтар – 12 айға дейін; аталықтар –14 айға дейін;

маралдар аналықтар – 18 айға дейін, аталықтар (алғаш төлдегендер) – 24 айға дейін;

2. Асыл тұқымды малды отандық асыл тұқымды зауыттардан және шаруашылықтардан сатып алу.

3. Зоотехникалық шығын (өлім-жітім) нормалары шегінде сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өсімін молайту мақсатында кемінде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды – кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану

5. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағуы 1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында  осы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары жиынын өткізу.

2. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды зоотехникалық нормативтерге сәйкес табында өсімін молайтуда пайдалану (қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық емес).

3. Оларды өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы жалпы табынның барлық тұқымсыз бұқаларын піштіру.

 

 

 

_____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен өнім сапасын арттыруға бюджеттік субсидияларды беруге үміткер тауар өндiрушiлерге  қойылатын өлшемдер мен талаптар

 

1. Бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізумен айналысатын тауар өндірушілерге  қойылатын

өлшемдер мен талаптар

1. Бұқашықтардың бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың  АСЖ және  АЖС-да тіркелуінің болуы
2. Тұқымдық түрлендіруге қатысатын және аналық мал басының және ет өнімділігі бағытындағы бекітілген асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың болуы
3. Өткізілген бұқашықтардың тірідей салмағы 160-тан 350 кг дейін
4. Өткізілген бұқашықтардың жасы 6-дан 18 айға дейін
5. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
2. Сиыр етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
(1-деңгей) (2-деңгей) (3-деңгей)
1. Бiр мезгiлде кемiнде 3 000 бас малды бордақылайтын қуаттылығымен ірі қара малды бордақылауға арналған және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:

малды күтiп-бағуға арналған қоралар;

науалар;

сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;

нәжіс массасы мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйісі бар дренаждық жүйе;

жем-шөп дайындау және жем-шөп тарату техникасының/жабдығының,      сондай-ақ жем-шөп сақтау қоймасының болуы;

бекiткiшi бар жiктегiштiң, таразы құрылғысының болуы;

ветеринариялық пункттiң  болуы.

Бiр мезгiлде кемiнде 1 500 бас ipi қара малды бордақылайтын қуаттылығымен ірі қара малды бордақылауға арналған және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:

малды күтiп-бағуға арналған қоралар;

науалар;

сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;

нәжіс массасы мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйiсі бар дренаждық жүйе;

жем-шөп дайындау және жем-шөп тарату техникасының/жабдығының,      сондай-ақ азық сақтау қоймасының болуы;

бекiткiшi бар жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;

ветеринариялық пункттiң болуы.

     Бордақыланған ірі қара малдың соңғы 12 айда өткізілген саны кемінде 400 басты құрады.

Iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың немесе алаңдардың болуы:

малды күтiп-бағуға арналған қоралар;

науалар;

сумен жабдықтау;

жем-шөп дайындау техникасы;

мал үшін жiктегiш және таразы құрылғысы;

2. Бұқашықтардың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей/сойыс салмағы 400 кг/210 кг кем емес*
3. Әр бұқашықты бордақылау мерзімі:

оңтүстік өңірлер үшін 45 күннен

солтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер үшін 60 күннен  кем емес

4. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
5. Малдың бірдейлендіру нөмірлерінің болуы және бордақылауда тұрған мал басын АЖС-да тіркеу
3. Қой етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға қойдың аналық мал басының  600-ден кем емес болуы
2. Қойды күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы
3. Қойдың (союға өткізілетін) тiрiдей салмағы 35 кг кем емес *
4. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
5. Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын АЖС-да тіркеу
4. Жылқы етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға жылқының аналық басының 75 бастан кем емес болуы
2. Жылқының (союға өткiзілетін) тiрiдей салмағы 350 кг кем емес болуы
3. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
4. Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын АЖС-да тіркеу
5. Түйе етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға түйенін аналық басының 75 бастан кем емес болуы
2. Түйенің  (союға өткiзілетін) тiрiдей салмағы 350 кг кем емес болуы
3. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
4. Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын АЖС-да тіркеу
10. Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
(1-деңгей) (2-деңгей) (3-деңгей)
1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық  мал басының (2 жастан ересек) болуы***:
400 бастан кем емес 400 бастан кем емес 100 бастан кем емес
2. Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық мал басы (алдыңғы жылдың қорытындысы):
350 бастан кем емес 240 бастан кем емес 60 бастан кем емес
3. Табын бойынша орташа сауым (алдыңғы жылдың қорытындысы):
4500 кг кем емес**** 3500 кг кем емес 2500 кг кем емес
4. Тиiстi инфрақұрылымы бар заманауи сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң шығару және жем-шөп тарату, автосуару және жем-шөп цехы) болуы Машинамен сауудың болуы Тасымалды сауу қондырғыларын қоса есептегенде, машиналы сауудың болуы
5. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
6. Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын АЖС-да тіркеу
11. Қымызды өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға жылқының аналық мал басының (үш жастан ересек) 35 бастан кем емес болуы
2. Сауын биенiң орташа жылдық мал басы 20 бастан кем емес
3. Қымыз өндіретін және құтыларға құятын цехтың немесе есептік нөмірі бар цехқа жеткізу шартының болуы
4. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
5. Малдың бірдейлендіру нөмірінің  болуы және мал басын АЖС-да тіркеу
12. Шұбат өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер мен талаптар
1. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға түйенiң аналық  мал басының (үш жастан ересек) 30 бастан кем емес болуы
2. Сауын iнгендердiң орташа жылдық мал басы 15 бастан кем емес
3. Шұбат өндіретін және құтыларға құю цехының немесе есептік нөмірі бар цехқа жеткізу шартының болуы
4. Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
5. Малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басын АЖС-да тіркеу

 

 

Ескертпелер:

* малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей/сойыс салмағы мал шаруашылығы өнiмі сатылған есептік нөмiрi (коды) бар қайта өңдеу кәсіпорны немесе тауар өндiрушi (малды сою жөнiндегi) қызметтерiн пайдаланған, есептік нөмірі (коды) бар сою пункті берген анықтамамен расталуы тиiс;

*** сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлер мал басын селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасына тiркейді;

**** талаптар өткен жылда пайдалануға енгізілген тиісті инфрақұрылымы бар заманауи сүт кешендеріне таралмайды;

 

___________________________