БАСПАНАЛЫ БОЛУ БІР БАҚЫТ

Желтоқсан 30, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты» дегені белгілі.
Соған орай нарық жағдайында тұрғын үйдің қолжетімділігі адамдардың табысына және осы міндетті өздігінен шеше алу қабілетіне орай жүзеге асырылатынын атап өткен болатын.
Иә, баспананың адам өміріндегі маңызы туралы айтып жатудың өзі артық.
Алайда, қай кезеңде, қандай қоғамда болмасын оған қол жеткізу көпшілік үшін оңай соқпайды. Сондықтан да Қазақстан Республикасы өз азаматтарының баспаналы болуы үшін мүмкін болар барлық жағдайды қарастырып келеді.
Бұл ретте жыл санап дамып келе жатқан Жаңатас қаласы үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Бүгінде, Жаңатас қаласында тұрғын үй алу кезегінде – 1789 азамат тізімде тұр.
Міне, осы тізім тәуелсіздік күні қарсаңында қысқарды. Өйткені бүгін Жаңатас қаласында екі көпқабатты үй қайта жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді.
Десекте , жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп келеді. Тиісінше, тұрғын үй кезегіндегілер саны да арта түсуде.
Осы мәселені шешу, тұрғындарды, әсіресе жағдайы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда.
Адам өмірінде ең керекті нәрсенің бірі – баспана. Баспана мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Дана халқымыз: «үйің болмай – күйің болмас» деп бекер айтпаған. «Өз үйім-кең сарайдай боз үйім» дегеді де біздің халық айтқан. Баспаған ие болу әрбір адамның асқақ арманы.
Кімде болса шаңырағы биік, іргесі берік өз үйі болғанын қалайды емес пе?!
Осы жақында ғана тәуелсіздік күніне орай 180 отбасы және асарлату аясында да баспаналы болу бақытына ие болғандар қуанышы жалғасын тапты. Жаңа жыл қарсаңында қолдарына пәтер кілттерін ұстаған бірқатар Жаңатастықтардың қуанышында шек жоқ.
Атап айтсақ, Жаңатас қаласындағы коммуналдық меншіктегі көпқабатты тұрғын үйлерден мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіндегі №4, №5 тізім бойынша алты адамға пәтер кілттері тапсырылды.
Олардың қатарында толық емес отбасылар мен бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Осылардың бірі Өмір Күнбосынов кезекпен пәтер кілтін ала отырып, басшылыққа алғысын жеткізді. Осындай игі істер көбейе берсін деп ризашылығын білдірді.
«Өз үйім – өлең төсегім» деген осы болар. Қашанда халық қамын ойлайтын арда азаматтардың осы бағыттағы игі істері әлі де жалғаса беретін болады.
0
Охват (люди)
0
Взаимодействия
Продвигать публикацию
Нравится

Комментировать
Поделиться