Бақытты болашақ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  жолданды. Осылайша мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ертеңгі күннің болашағы-біздің білімді ұрпақ. Ұрпақты тәрбиелеу мемлекеттің байлығы. Жас ұрпақ еліміздің ертеңгі болашағы. Баланың бойына жақсы қасиеттерді дарыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау, ата-ананың басты парызы. Бақытты болашаққа қадам басу үшін алған білім мен тәрбиенің бағыт-бағдарын айқын пайдалану қажет. Нағыз ұстаз баланы жеке тұлға деп танып, оның пікірімен әрқашан санасады. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ұстаз шәкірттерін ынталандырып, оның бойына тиянақтылық, ізденгіштік, кішіпейілділік, әрі еңбекқорлық қасиеттерін сіңіреді. «Білімдінің сөзі-ем, мейірімі көл, өзі кең»,-деп М.Жұмабаев айтқандай білімді ұрпақ тәрбиелеу тәуелсіз, мықты әрі жауапкершілігі жоғары мемлекеттің қолында.