Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ

Жаңатас көпсалалы колледжінде колледж психологі Айнұр Есболаеваның ұйымдасты-руымен Елбасы Н.Ә.Назарбаев-тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында білімгерлерді әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа, ата-аналарымызға шексіз құрмет көрсетуге және  жат қылықтардан, ұл мен қыз баланы қорғау қажеттілігі туралы ой салу, балаға көңіл бөлу, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыбында колледж білімгерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарды ашқан колледж директоры Нұрландия Түйтебаева өз сөзінде, барлық жас ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиеге шақырып, қылмыстық, құқық бұзушылықтың құрбаны болмау жайында әңгіме жүргізді.

Колледж психологі А.Есболаева «Бала тәрбиесі-баршамызға ортақ» атты баяндамасын оқып, психологиялық кеңес берді. Семинар ережесіне сәйкес І-ші кезең бойынша барлық курстар арасынан 13 білімгер қатыстырылған болатын. Осы кезең бойынша 6 білімгер: Бексейіт Толқын, Ахметова Гүлдана, Серікова Балауса, Орынғали Ерасыл, Маликова Жансая, Молдағұлов Әлішер Алғыс грамоталарымен марапатталды, 7 білімгер келесі кезеңге өтті. Олар: Бегалы Марат, Татубайқызы Асем, Әбдрасил Еңлік, Мелдешова Ақмарал, Мауленов Нышанәлі, Босова Валерия, Зейналы Қаламқас жетекшілік жасаған топ жетекшілерімен, өздерінің дайындаған баяндамалары бойынша мадақтама грамоталарымен марапатталды. Семинар соңында колледж жатақханасына орналасқан білімгерлердің қатысуымен Б.Аманбаевтың ұйымдастыруымен мәнді де мағыналы көрініс көрсетілді. Іс-шараға қатысқан қонақтар аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорның орынбасары Ж.Жұмағұл және колледж аға инспекторы, майор А.Жарасбеков семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ризашылықтарын білдірді.