АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылдың  5 маусым күні сағат 10.00-де Сарысу ауданы бойынша жер учаскелерін жеке меншік құқығын сатып алу үшін АУКЦИОН өткізіледі.

Аукцион өткізілетін мекен-жай: Жаңатас қаласы, аудандық мәдениет үйі.

Аукционда сатылуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

 

 

Жер учаскесінің

орналасқан жері

 

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

 

Жер учаскесінің көлемі, га

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны, бастапқы бағасы, теңге  

 

Құқық түрі

 

Кепілдік жарнасының

соммасы

теңге

Өткізу тәсілі
1 Жаңатас қаласы, 1 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0032 14400 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
2 Жаңатас қаласы, 2 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0150 67500 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
3 Жаңатас қаласы, 3 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0400 180000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
4 Жаңатас қаласы, 6 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0240 108000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
5 Жаңатас қаласы, 6 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0120 54000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
6 Жаңатас қаласы,  өндірістік аймақ Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,2000 900000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
7 Жаңатас қаласы, 1 шағын ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының құрылысын салу үшін 0,2100 945000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
8 Жаңатас қаласы, Ш.Датқа көшесі бойынан Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0050 22500 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
9 Ақтоғай ауылы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,1200 150000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
10 Саудакент ауылы, Е.Тоқаев көшесі Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0056 10483 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
11 Саудакент ауылы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0024 4492,8 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
12 Саудакент ауылы,Е.Тоқаев және Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0200 37440 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
13 Саудакент ауылы, Е.Тоқаев көшесі бойынан Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0096 17971 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
14 Ә.Ьүркітбаев ауылы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0375 60750 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
15 Маятас ауылы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,1500 187500 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
16 Жаңаталап ауылы жерінен

 

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,1500 225000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі

 

 

 

 

 

Аукционның өткізілу тәртібі:

Сауда-саттықтың ағылшындық әдісінде аукционшы нысанның бастапқы және көтерілген бағасын жариялайды. Қатысушылардың нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағасын жоғарылатады. Бірақ ол жарияланған бағадан кем болмауы керек. Аукционшы нысанды сауда-саттыққа салуға қатысушылардың нөмірлерін хабарлап, бағасын бекітеді де оны жоғарылатуды ұсынады. Нысанды саудалау ең жоғары баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Жекешелендірілетін нысанның саудасында кемінде екі қатысушы бастапқы бағаны көтерген жағдайда ғана нысан бойынша сауда-саттық өтті деп саналады.

Жер учаскелерін сату тәртібі:

Нысанды міндетті түрде бағытталған мақсатына пайдалану,игеру шартын жасау, объектінің жобасын алу үшін сәулеттік-жобалау тапсырмаларын алу, сервитутты ұсыну, уақытылы жер салығын төлеу. Саудада анықталған жер учаскесінің құны сауда-саттық шартына қол қойылғаннан соң 5 банкі күнінен кешікпей 50 пайыз көлемінде алдын-ала (аванс) ретінде төленеді, қалған соммасы сауда-саттықтың шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешікпей төленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна жер учаскесінің бағасының 5 пайыз, бірақ 50(елу) айлық есептік көрсеткіштен кем емес  кепілдік соммасын құрайды. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1.Белгіленген үлгіде сауда-саттыққа қатысу өтініші.

2.Кепілдік жарнаның төлемін куәландыратын төлемқұжатының көшірмесі және түпнұсқасы.

3.Өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат.

4.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Кепілдік соммасын «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемле-кеттік мекемесінің төмендегі депозиттік есепшотына аударады:ЖСК-КZ560705034631753006, БИН 060240008944, КБЕ-12, БСК-ККМFКZ2A, Сарысу аудандық қазынашылық басқармасы.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 24 сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Мекен жайы:Жаңатас қаласы, 1шағын аудан, №18 ғимарат, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Аукционның өткізілуі жөніндегі қосымша ақпараттарды 6-31-39 телефоны арқылы білуге болады.