АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылы 15 тамыз күні сағат 11.00-де Сарысу ауданы бойынша жер учаскелерін жеке меншік құқығын сатып алу үшін АУКЦИОН өткізіледі.

 

Аукцион өткізілетін мекен-жай: Жаңатас қаласы, аудандық мәдениет үйі.

Аукционда сатылуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

 

 

Жер учаскесінің

орналасқан жері

 

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

 

Жер учаскесінің көлемі, га

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны, бастапқы бағасы, теңге  

 

Құқық түрі

 

Кепілақы

соммасы,

теңге

Өткізу тәсілі
1 Жаңатас қаласы, 1 мөлтек ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0028 12600 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
2 Жаңатас қаласы  1 мөлтек ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін  0,0150 67500 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
3 Жаңатас қаласы

2 шағын ауданы

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0072 32400 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
4 Жаңатас қаласы

4 шағын ауданы

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 1,1731 5278950 Жеке меншік 263947,5 Ағылшын әдісі
5 Жаңатас қаласы, 4 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 3,2662 1763748 6 жыл жалдау құқығын сатып алу 126250 Ағылшын әдісі
6 Жаңатас қаласы, 4 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0400 180000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
7 Жаңатас қаласы, 6 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0104 46800 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
8 Жаңатас қаласы, Өндірістік аймақ Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0900 405000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
9 Жаңатас қаласы, Өндірістік аймақ Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0900 405000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
10 Жаңатас қаласы,

Өндірістік аймақ

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0900 405000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
11 Жаңатас қаласы

Өндірістік аймақ

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0900 405000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
12 Жаңатас қаласы, Өндірістік аймақ Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0900 405000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
13 Жаңатас қаласы, Өндірістік аймақ Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0900 405000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
14 Жаңатас қаласы, Өндірістік аймақ Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,1800 97200 6 жыл жалдау құқығын сатып алу 126250 Ағылшын әдісі
15 Жаңатас қаласы, 5 шағын ауданы Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0120 54000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
16 Үшбас ауылы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,1800 225000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
17 Жайылма ауылы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0105 17010 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
18 Досбол ауылы С.Сансызбаев көшесі бойынан Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,1000 112000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
19 Жаңаталап ауылы, Р.Сатенұлы көшесі бойынан

 

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0800 120000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
20 Ә.Бүркітбаев ауылы,Жаңа көшесі бойынан Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,1000 162000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі

 

Аукционның өткізілу тәртібі:

Сауда-саттықтың ағылшындық әдісінде аукционшы нысанның бастапқы және көтерілген бағасын жариялайды. Қатысушылардың нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағасын жоғарылатады. Бірақ ол жарияланған бағадан кем болмауы керек. Аукционшы нысанды сауда-саттыққа салуға қатысушылардың нөмірлерін хабарлап, бағасын бекітеді де оны жоғарылатуды ұсынады. Нысанды саудалау ең жоғары баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Жекешелендірілетін нысанның саудасында кемінде екі қатысушы бастапқы бағаны көтерген жағдайда ғана нысан бойынша сауда-саттық өтті деп саналады.

Жер учаскелерін сату тәртібі:

Нысанды міндетті түрде бағытталған мақсатына пайдалану,игеру шартын жасау, объектінің жобасын алу үшін сәулеттік-жобалау тапсырмаларын алу, сервитутты ұсыну, уақытылы жер салығын төлеу. Саудада анықталған жер учаскесінің құны сауда-саттық шартына қол қойылғаннан соң 5 банкі күнінен кешікпей 50 пайыз көлемінде алдын-ала (аванс) ретінде төленеді, қалған соммасы сауда-саттықтың шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешікпей төленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна жер учаскесінің бағасының 5 пайыз, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен кем емес  кепілдік соммасын құрайды. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1.Белгіленген үлгіде сауда-саттыққа қатысу өтініші.

2.Кепілдік жарнаның төлемін куәландыратын төлемқұжатының көшірмесі және түпнұсқасы.

3.Өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат.

4.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Кепілдік соммасын «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің төмендегі депозиттік есепшотына аударады: ЖСК-КZ560705034631753006, БИН 060240008944, КБЕ-12, БСК-ККМFКZ2A, Сарысу аудандық қазынашылық басқармасы.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланғаннан бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 24 сағат бұрын аяқталады.Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.Мекен жайы: Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, №18 үй, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Аукционның өткізілуі жөніндегі қосымша ақпараттарды 6-31-39 телефоны арқылы білуге болады