2020 жылдың 9 сәуірінде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы  16 наурыздан бастап 8 сәуірге дейін  жұмыс күндері жүргізіледі.  Өтінім құжаттарын ашу рәсімі 2020 жылдың 9 сәуірінде  сағат 11.00-де мына мекен жайда: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 2-шағын аудан, Сарысу ауданы әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында  өтеді.

Сарысу ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурс арқылы берілетін жер учаскелерінің тізімі
 

Лот № 

Учаскесінің атауы Жалпы көлемі соның ішінде
егістігі оның ішінде жайылым шабындық Бөгде жер
суармалы тәлімді
1 «Байқадам» босалқы жерінен 49,55 49,55 49,55
2 «Байқадам» босалқы жерінен 23,7 23,7 23,7
3 «Байқадам» босалқы жерінен 35,0 24,0 24,0 11,0
4 «Б.Серікбаев» босалқы жерінен 300,0 300,0 300,0
5 «Б.Серікбаев» босалқы жерінен 181,35 181,35 181,35
6 «Б.Серікбаев» босалқы жерінен 134,9056 134,9056 134,9056
7 «Қабанбай» босалқы жерінен 113,9794 107,0 107,0 6,9794
8 «Қамқалы» босалқы жерінен 3400,0 607,0 2793,0
9 «Б.Серікбаев» босалқы жерінен 3204,7597 3204,7597
10 «Түркістан» босалқы жерінен 119,0399 119,0399
  Барлығы 7562,2846 820,5056 97,25 723,2556 3948,7790 2793,0

 

 

«Қазақстан Республикасы «Жер кодексінің» жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы  Қазақстан Республикасы Заңының қолдангысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы  30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі -Заң)  нормаларының қолданылу кезеңінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға,сондай- ақ шетелдіктердің қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына жер пайдалану(жалға алу) құқығымен беруге рұқсат етілмейді.

1.Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар   беріледі:

1)Конкурсқа қатысуға арналған  өтінім;

2)Конкурстық ұсыныс;

2.Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурсты өткізу туралы хабарлама алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда –күнтізбелік он бес күн өткен соң конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда- он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

3.Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма- қол не пошта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес «Электрондық үкімет» веб- порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі.

4.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9 тармағында көрсетілген  мәліметтер қамтылуы тиісті.

Конкурстық ұсыныста:

1)Бизнес жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп- өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және  игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс шараларды орындау;

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №268 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әр тараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс .

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес жоспар шаруа немесе фермер қожалығын,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының  ажырамас бөлігі болып табылады.

5.Конкурстық ұсынысты, «электронды үкімет »веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері номерленіп, тігілген  түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін- қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін- бірінші басшының ( немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен ( бар болса) куаландырылады.

6.Өтінімде және конкурстық  ұсыныста  қатысушыға грамматикалық  және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер,өшіруле немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

7.Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «шаруа немесе фермер қожалығын , ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану( жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс» және « 2020 жылғы 9 сәуірге дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

  1. Жер кодексінің 43-1 бабы 9 тармағының талаптарына сәйкес келмейтін қонкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

9.Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара  алады.Өзгеріс өтінім сяқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға  дейін алған болса, жарамды болып табылады.

10.Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

11.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні жер комиссиясы түскен жабық конверттерді ашу жолымен (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) конкурстың қорытындысын шығарады.

Конкурсқа байланысты деректерді Жамбыл  облысы,Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, №18 ғимаратында орналасқан «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.Байланыс телефоны 8(726-34) 63139