2019 жылдың  18 сәуір күні сағат 10.00-де Сарысу ауданы бойынша жер учаскелерін жеке меншік құқығын сатып алу үшін АУКЦИОН өткізіледі. Аукцион өткізілетін мекен-жай: Жаңатас қаласы, аудандық мәдениет үйі.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 Аукционда сатылуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

 

 

Жер учаскесінің

орналасқан жері

 

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

 

Жер учаскесінің көлемі, га

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны, бастапқы бағасы, теңге  

 

Құқық түрі

 

Кепілдік жарнасының

соммасы

теңге

Өткізу тәсілі
 

1

Жаңатас босалқы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 6,0

 

6864000 Жеке меншік 343200 Ағылшын әдісі
2 Ұ.Сыздықбайұлы ауылы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 3,12 4542720 Жеке меншік 227136 Ағылшын әдісі
3 Жаңатас қаласы Шоқай Датқа көшесінен

 

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0050 22500 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
4 Жаңатас қаласы К.Байсейітова көшесінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0150 67500 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі
5 Жаңатас қаласы жерінен Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 0,0900 405000 Жеке меншік 126250 Ағылшын әдісі

 

 

Аукционның өткізілу тәртібі:

Сауда-саттықтың ағылшындық әдісінде аукционшы нысанның бастапқы және көтерілген бағасын жариялайды. Қатысушылардың нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағасын жоғарылатады. Бірақ ол жарияланған бағадан кем болмауы керек. Аукционшы нысанды сауда-саттыққа салуға қатысушылардың нөмірлерін хабарлап, бағасын бекітеді де оны жоғарылатуды ұсынады. Нысанды саудалау ең жоғары баға ұсынылғанға дейін жүргізіледі. Жекешелендірілетін нысанның саудасында кемінде екі қатысушы бастапқы бағаны көтерген жағдайда ғана нысан бойынша сауда-саттық өтті деп саналады.

Жер учаскелерін сату тәртібі:

Нысанды міндетті түрде бағытталған мақсатына пайдалану,игеру шартын жасау, объектінің жобасын алу үшін сәулеттік-жобалау тапсырмаларын алу, сервитутты ұсыну, уақытылы жер салығын төлеу. Саудада анықталған жер учаскесінің құны сауда-саттық шартына қол қойылғаннан соң 5 банкі күнінен кешікпей 50 пайыз көлемінде алдын-ала (аванс) ретінде төленеді, қалған соммасы сауда-саттықтың шартына қол қойылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешікпей төленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна жер учаскесінің бағасының 5 пайыз, бірақ 50(елу) айлық есептік көрсеткіштен кем емес  кепілдік соммасын құрайды. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1.Белгіленген үлгіде сауда-саттыққа қатысу өтініші.

2.Кепілдік жарнаның төлемін куәландыратын төлемқұжатының көшірмесі және түпнұсқасы.

3.Өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат.

4.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Кепілдік соммасын «Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемле-кеттік мекемесінің төмендегі депозиттік есепшотына аударады:ЖСК-КZ560705034631753006, БИН 060240008944, КБЕ-12, БСК-ККМFКZ2A, Сарысу аудандық қазынашылық басқармасы.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 24 сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

Мекен жайы:Жаңатас қаласы, 1шағын аудан, №18 ғимарат, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Аукционның өткізілуі жөніндегі қосымша ақпараттарды 6-31-39 телефоны арқылы білуге болады.