Ауыл кеші көңілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай аудандық мәдениет үйіне қарасты Тоғызкент ауылдық клубының меңгерушісі Серік Рахымжановтың ұйымдастыруымен «Ауыл кеші көңілді» атты өнер фестивалі өтті.

Іс-шарада өнер фестиваліне қатысушы он мекеме төрт топқа бөлініп, би өнері, дәстүрлі ән, эстрада жанрындағы әндер, өзге ұлт өкілдерінің ұлттық биі номинациялары бойынша өнерлерін көрсетті. Жақсы өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлаған топтарды ауыл әкімі Дархан Байымбетов Алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар, округтер арасында «Аймақтар аламаны»  өнер және спорттық сайыстар ұйымдастырылды.Тоғызкент және Игілік ауылдық округтері өнерпаздары мен спортшылары арасында ұлттық өнердің және  спорттың тоғыз түрінен сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысында  жеңіске жеткен Тоғызкент ауылдық округі өнерпаздарын айтыскер ақын Алик Бекмұсаев  құттықтап, бағалы сыйлықтармен қатар аудандық мәдениет үйі басшылығының Алғыс хаттарын табыс етті.