«Ауыл – ел бесігі»

Қазан 22, 2019
«Ауыл – ел бесігі»
 
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты.
«Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту үшін – «Ауыл – ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті», – деді Мемлекет басшысы.
Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес Сарысу ауданы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Саудакент және Жайылма елді мекендері – тірек елді мекендер ретінде, Жаңаталап, Ұйым, Игілік, Өндіріс, Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда елді мекендері спутниктік елді мекендер ретінде айқындалып, іріктеліп алынды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары ауылдық елді мекендерді дамыту бағытында арнайы жол картасы жасалған.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша болашағы (перспективасы) бар елді мекендердегі сумен, газбен, кәріз жүйесімен жабдықтауға, әлеуметтік нысандарды (денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт салаларындағы) ағымдағы, орта және күрделі жөндеуге әр ауылдан тапсырыстарын дайындап, тиісті салалық басқармаға ұсыныс енгізілді. Атап айтқанда;
– 2020 жылдың бюджетіне Саудакент тірек елді мекені бойынша жобалар ұсынылып, мақұлданды. Олар:
– «Ақтоба» балабақшасы ғимаратын күрделі жөндеу;
– Мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратын ағымдағы жөндеу:
– Елді мекендегі 5 негізгі көшенің жарықтарына жөндеу жұмыстары мен 18 көшенің жол жабындыларын орта жөндеуден өткізу.
Сонымен қатар 2020 жылдың бюджетіне спутниктік елді мекен ретінде Игілік ауылы бойынша 6 жоба ұсынылды.
Онда Игілік ауылына 200 келушіге арналған клуб үйі ғимаратының құрылысын салу, спорт алаңшасы (СтритВоркаут, көше тренажеры, велодорожка) мен өлшемі 22х43 метр болатын кіші футбол алаңшасын салу, «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабын салу, әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыру және жол жабындыларын орта жөндеу сынды жобалар қамтылады.
Ал 2021 жылға тірек елді мекен ретінде Жайылма ауылы және спутниктік елді мекен ретінде Маятас ауылы бойынша 22 жоба, 2022 жылға Жаңаталап, Өндіріс, Қызылдихан елді мекендері бойынша 18 жоба, 2023 жылға Ұйым және Әбілда елді мекендері бойынша 14 жоба, ал 2024 жылға Ақтам елді мекені бойынша
5 жоба ұсынылды.
Осы бағдарлама аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдардың қарқынды дамитыны сөзсіз. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтын болады.