АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Маусым 29, 2020

Алтыншы шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы онлайн режимде 2020 жылдың 30 маусым күні сағат 11.00-де өтеді. КҮН ТӘРТІБІ: 1. «2020-2022 жылдарға арналған Сарысу ауданының қала және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №67-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Әр түрлі. Тұрақты комиссиялардың мәжілісі аудандық мәслихатта онлайн режимде 2020 жылдың 30 маусым күні сағат 10.00-да басталады. Депутаттарды онлайн тіркеу 2020 жылдың 30 маусым күні сағат 09.30-ден бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихат аппараты